"Алкендер" ашық сабақ тақырыбы

Предмет: Химия
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сынып: 9

Күні: 08.04.14ж.      

Құрастырды: Жумагулова Г.С.

Сабақтың тақырыбы: Алкендер тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың типі: бекіту – жүйелеу сабағы.

Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жаппай оқыту.

Қолданылған технологиялар: дамыта оқыту, проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, зерттеушілік-әдістемелік, денсаулықсақтау, АКТ технологиялары.

Сабақтың мақсаты: Сабақ соңындаоқушылар қанықпаған көмірсутектер жөнінде қосымша мәліметтерді біліп, олардың өмірдегі қолданысын ұғынады.

Сабақтың міндеттері:

*білімділік - алкендердің қасиеттерін қарастыра отырып,өмірдегі қолданысын ұғыну.

*дамытушы -оқушылардың зияткерлік ойлау қабілетерінің (талдауы, салыстыруы, себеп-салдарлы байланыс жасай алуы) дамуына мүмкіндік беру.

*тәрбиелік -оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.

Оқытудың әдістемелік өлшемі: ҚҚБТ құрастыру, логикалық сұрақтарға жауап, зерттеушілік, өзіндік жұмыс.

Құрал-жабдықтар: АКТ жабдықтары, эксперименттік есептер шығаруға қажетті химиялық ыдыстар мен реактивтер, карточкалар, бағалау парақтары.

Күтілетін нәтижелер:

·         Пәндік құзыреттілік:

а) жаңа химиялық терминдермен танысу: гибридтелу, гидрлену, гидратациялану, крекинг;

ә) алкендердің құрылысына сипаттама бере алу;

б) көмірсутек қосылыстары арқылы бір-бірінен алыну жолдарын қарастыру;

в) көмірсутек қосылыстарының өмірде маңыздылығын түсіну;

·          Ақпараттық құзыреттілік:

-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы: мәтін, кесте, суреттер мен таныстырылым материалдары;

-тәжірибе арқылы көмірсутек қосылыстарының себеп-салдарлы байланыстарын айқындай алу;

·         Коммуникативтік құзыреттілік: 

-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;

-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;

-бір-біріне дұрыс әрі жинақы сұрақ қояды, бір-бірлерінің айтылған ойларымен келісе отырып, бір шешімге келеді;

·           Басқарушылық құзыреттілік.

- топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады, оқушы өзінің қызметін басқару арқылы тәсіл қолдана алады;

·            Жеке құзыреттілік.

      - өзін-өзі басқарудағы қабілеттілігінің айқындалуы;

      - толеранттылығы;

      - өмірлік және кәсіби орнын өзіндік айқындай алуы;

·           Технологиялық құзыреттілік.

- АКТ құралдарын тиімді пайдалана алуы;

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

I кезең: Жинақтау кезеңі  

1) Ұйымдастыру кезеңі  Оқушыларды сабаққа деген ынтасын аудару үшін интерактивті слайдқа көңіл-күйді көтеру мақсатында смайлик бейнесі келтірілді. Топқп бөлу үшін тақтада тақырыпқа сәйкес формулалар көрсетілді. Сол формулалар атауын оқушыларға анықтатып, оқушыларды арнайы карточкалар арқылы топқа бөлу ұйымдастырылды. Оқушылар топқа бөлініп, отырысымен, орындық арқасындағы белгіге (арнайы жапсырылған) қарап, топ көшбасшысы сайланды. Оқушылардың әрқайсысына бағалау парақтары таратылды.

2) Білімнің өзектілігі   Ұйымдастыру аяқталысымен, оқушыларға сабақтың тақырыбы айтылып, сол тақырыпқа сәйкес проблемалық мәселе көтеріп, сабақтың мақсатын айқындау ұсынылды. Әр топқа 1-мин уақыт берілді. Әр топ сабақтың мақсатын ұсынды. Осы мақсаттарды бір жүйеге келтіріліп, тақтада сабақтың мақсаты көрсетілді.

3)Мақсатты тұжырымдау  Оқушылардың қойған мақсаттары анықталып болған соң, сабақтың жоспары айтылды. Сабақ жоспары 4 кезеңнен тұрды: әр кезеңде сабақтың мақсаты айқындалып отырды.Теориялық алған мәліметтерді практикамен ұштастыру мақсатында виртуалды зертхана жұмысы жасалып, оқушыларға тиісті реакция теңдеулерін жазу ұсынылды. 1-кезең соңында моделді жауап көрсетіліп, оқушылар өздерін бағалады. Топ арасында байланыс жасалды: әр топ берген жауаптарын қарап, топқа бағалау берді.

II кезең: Ұғыну кезеңі   Теориялық білімдері және эксперименттік тәжіриблерді қолдана отырып, оқушыларға логикалық тапсырмалар ұсынылды. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар берілді, кейін оқушылар талқылап болған соң, топ тапсырмалары алмастырылып, топтағы оқушылардың қандай жауап дайындағандары жөнінде білу мақсатында басқа топ оқушылары хабардар болу керектігі ескертілді.

Топтағы оқушылар өздерінің түсініктерін беріп, басқа топ оқушылары жауаптарды толықтырды.

Уақыттың аздығына байланысты ҚҚБТ құрастыру үйге берілді.

 

III кезең: Рефлексия кезеңі  Орындалған кезеңдер бойынша кері байланыс жасалды. Сабақтың мақсаты қайтадан еске түсіріліп, оқушылардың қойған мақсаттары орындалғандығы жөнінде түсінік берілу ұсынылды. Оқушылар әрқайсысы өздерін бағалады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 466.16 Kb
Количество скачиваний: 67
Просмотров: 241

Похожие материалы