Қалмақан Әбдіқадыров. «Алып бала»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Күні

23.04. 2014 ж           Сыныбы   2 « А»

Саб  тақыры

Қалмақан Әбдіқадыров. «Алып бала»

Сілтеме

 Әдебиеттік оқу   «Атамұра 2013ж» Авторлары:Б.Т.Қабатай, С.Р.Рахметова

Жалпы мақс

 Мәтінді түсініп оқи отырып, Қажымұқан Мұңайтпасұлының  өмірімен танысу .

Міндеттері

Басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды болу, әділ болуға үйрету.

Оқу нәтижесі

Қажымұқан Мұңайтпасұлының  жасаған қайырымдылығы туралы  біледі.

Тапсырмалар

Талантты  және дарынды балаларды оқыту - алдын ала берілген тапсырма бойынша Презентация

Сыни ойлау – «Өзіңізді тексеріңіз:
 Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?» әдісі

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер - топтық жұмыс .

Диалогтік оқыту- сұрақ –жауап

АКТ-Бейнежазба  «Күш атасы- Қажымұқан»1.     Ұйымдастыру

1.Сабақ  алды сергіту.

Психологиялық тренинг өткізе    отырып, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату

2. Топқа бөлу.  Үш таңбалы, екі таңбалы, бір таңбалы сандар арқылы                     

3. Бағалау критерийлерімен таныстырып, бағалау бетшесін тарату.

  

                 2. Үй тапсырмасы

 1. “Әлия” өлеңін жатқа айту .

 2.  Өлең шумақтарын қара сөзбен әңгімелету.

 3. “Өзіңізді тексеріңіз: Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? ” әдісі  арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

  

           3. Жаңа сабақты ашу

Топтық жұмыс

1-топ. «Балық» ойыны арқылы нақыл сөздердің қажетті сөздерін тауып жазу.

2-топ  Алдын ала алып келген жинақтары бойынша Қажымұқан  Мұңайтпасұлының өмірінен постер қорғау               

3-топ Қалмақан Әбдіқадыров өмірінен постер қорғау.

              4. Жаңа сабақты бекіту

1. Оқулықпен жұмыс

А) Мәтінді  дауыстап, әр топқа обзац бойынша оқыту

Ә) Әр топтан бір оқушы шығып өздерінің оқыған бөлімдерін түсіндіреді.

Б) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді, сөз тіркестерімен  танысып талдайды.

В) Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап қайтарады.                                            

 2. Суретпен жұмыс

Берілген сурет бойынша сұрақтарға жауап қайтару.

            5.Сабақты қорытындылау

«Күш атасы - Қажымұқан»   Бейнебаянын көрсете отырып, оқушылардың Қажымұқан туралы қаншалықты меңгергенін сұрау .       

             6. Рефлексия

  «Бағдаршам» әдісі арқылы әр оқушылардан  қаншалықты меңгергендігі туралы  кері байланыс орнату.

            7. Бағалау

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

           8. Үйге тапсырма

1. « Алып бала»  мәтінін түсініп  оқу .                                              

2.Өз қалауы бойынша

а).  Қажымұқан өмірінен слайд жасау.

ә). Тақырыпқа байланысты сурет салу.

                           

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.64 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 203

Похожие материалы