Алғырлар мен тапқырлар (сайыс сабағы)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Ахметкалиева Жанна Таскалиевна
|
Тақырыбы: «Алғырлар мен тапқырлар»
Мақсаты: а) Білімділік: оқушыларды ана тілінде сөйлеу шеберлігіне үйрету, олардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауға, тапқырлыққа шақыру.
ә) Дамытушылық: танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, рухани баю мен дамуға бағыт ұстаған жан – жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп, үлгі - өнеге алуға баулу.
Түрі: сайыс
Әдіс – тәсілдері: ой қозғау, көрнекілік, сұрақ жауап, ішінара ізденіс.
Көрнекілігі: суреттер, эмблема,
Барысы:
Құрметті оқушылар, бүгінгі өткелі отырған «Алғырлар мен тапқырлар» атты сайысымызды бастаймыз.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар, - деп Ыбырай атамыз айтқандай сайысымызды оқу білімге байланыстырып, оқушылардың тапқырлығын және алғырлығын сынау мақсатында өткізгелі отырмыз.
Жарысқа «Шапағат» және «Алақан» топтары қатысқалы отыр.
Жарыс болғандықтан ұпай санын есептейтін әділқазыларды сайлайық:
1. Жанна Тасқалиызы
2. Гүлмаржан Сұлтанбекқызы
Ендігі кезекте жарыстың кезеңдерімен танысайық:
1. Таныстыру.
2. Жұмбақтар жарысы.
3. Логикалық сұрақтар.
4. Сурет салу сайысы.
5. Мақалды жалғастыр.
Енді бірінші кезең бойынша әр топ өз - өздерін таныстырсын (топтың аты,
ұраны).Жоғары ұпай 10.
1 – топ:
Топтың аты: «Шапағат»
Ұраны:
Күн нұрынан төгілер,
Адамзатқа махаббат.
Ыстық сәлем жолдайтын
Топтың аты «шапағат»
2 – топ:
Топтың аты: «Алақан»
Ұраны:
Жарқын жаздай күлетін,
Біз бүлдіршін балақан.
Жеңіспенен жүретін
Тобымыз біз «алақан»
ІІ – кезең: Алдымен «Шапағат» тобына жұмбақ жасырамын. Әр жұмбаққа 10 ұпай беріледі.
1. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
2. Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)
3. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (Қаламсап)
Ендігі кезек «Алақан» тобында.
1. Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барын сап. (Өшіргіш)
2. Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (Сөйлем)
3. Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды
Қалағаның табылар. (Кітап)
ІІІ – кезең: «Логикалық сұрақтар».
1. 2 бала 2 сағат шахмат ойнады. 1 бала қанша сағат ойнады?(2 сағат)
2. Дастархан басында 2 әке, 2 бала отыр. Дастарханға алма әкелініп, оны 4бөлікке бөлгенде әрқайсына 1бөліктен тиіп, 1 бөлік артық қалды. Не себепті? Адам саны нешеу? (әкесі,баласы және оның баласы)
IV – кезең: Сурет салу.
Берілген плакатқа Балалық шақ тақырыбында сурет салып түсіндіру. Жоғары ұпай 10.
V – кезең: Мақалды жалғастыру. Оқылған мақалдарды мұқият тыңдап, жалғасын айту.
Кітап – білімбұлағы,(білім - өмір шырағы)
Ұстазы жақсының (Ұстанымы жақсы)
Наданмен қас болғанша(Кітаппен дос бол)
Ақыл жастан шығар,(Асыл тастан шығар)
Қорытындылау: Сөз әділқазы алқасына беріледі. Жеңген топ марапатталады. Мақтау қағазы табысталады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 47 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |