Америка құрама штаттарының игерілу кезеңдері

Предмет: География
Категория материала: Презентации
Автор:

Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. ШығысындаАтлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпеншайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстіктеМексикамен шектеседі.

АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.33 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 87

Похожие материалы