Материал Ана - деген теңдесі жоқ ұлылық . /Тәрбие сағаты/ автора Денизбаева Алма Едресовна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Мақсаты: Көктеммен бірге келетін аналар мерекесін айта отырып, аналардың біздің өміріміздегі алатын орны жайлы түсінік беру, аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бөлме шармен безендірілген,слайд,үнтаспа Жүргізуші: Ана -дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана -дейді жас сәбиде жарқылдап Ана -деген бәйтерегі өмірдің, Ана -деген алтын қзазық,алтын бақ. Ана -деген асыл жандар болаттай, Ана -деген мөлдір жандар бұлақтай. О,адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл, ойды тонатпай. Құрметті ақ жаулықты әжелер,ардақты ару аналар, бүгінгі мерекелік концертімізге қош келдіңіздер! Адам баласы үшін ең аяулы ең қастерлі, қадірлі сөз – ана. Бала дүниеге келгеннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімі тола көз қарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Асыл аналар! Көктем гүліндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер. Отбастарыңызға амандақ, балаларыңызбен бақытқа бөленіп, ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз. Қадірлі аналар, көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекелеріңіздің құрметіне арнаған бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыздар.