Ана тілі "Амангелді батырым"3 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Копбергенова Камшат Матжановна
|
• Психологиялық дайындық:
Ердің бағын ашпаса,
Ер мұратқа жетер ме?!
Ерінің сағын сындырса,
Ел мұратқа жетер ме?!
Топқа бөлу (Ағыбай батыр,Бөгенбай батыр,Қабанбай батыр)
Қ.Жұмалиев.Махамбет пен Жақия. Түсініп оқып, әңгімелеу.
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, мәтіннің мазмұнын айтады.Үй тапсырмасын қорыту арқылы топтарға сұрақтар беріледі.
1.Мәтінде аттары аталған батырлар кімдер?
2.Жәңгір хан кім?
3.Жақия кім,ол қандай еді?
4.Махамбет Жақияны қайтару үшін қандай іс-әрекет жасады?
5.Махамбет қандай амал ойлап тапты?
6.Егер сен батыр болсаң,қоршаудан құтылып шығу үшін қандай әдіс-айла ойлап табар едің?
«Ой қозғау»сөзжұмбақ шешу және «Амангелді»киносынан үзінді көрсету.
1938 жылы «Ленфильм»киностудиясында Қазақтың тұңғыш көркем фильмі-«Амангелді»киносы түсірілді.
Бүгін балалар Н.Байғаниннің «Амангелді батырым» атты өлеңімен танысамыз.Н.Байғаниннің өмірбаяны бейне материал арқылы көрсетіледі.(слайдтан көрсету)
Нұрпейіс Байғанин (1860-1945 жж),Ақтөбе облысының,Темір ауданында дүниеге келген,халық ақыны,жырау,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919жж)қазақ халқының батыры,1916жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі,Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі.
1.«Амангелді батырым»өлеңін оқытып,талдату.
2.Мәнерлеп оқыту.
Әуенді қимыл-қозғалыспен
1- топ:Батырлық,ерлік туралы мақал-мәтелдер айту.
2- топ:Өлеңге сүйене отырып,Амангелді батырдың бойындағы қасиеттерді сипаттап бер.
3- топ:Амангелді сөзіне дыбыстық талдау жасау
Суретпен жұмыс.
1.Суретті салған кім?
2.Сурет қалай аталады?
3.Сурет бойынша әңгіме құра.
«Амангелді батырым»өлеңін жаттау және батыр туралы реферат жазып келу.
Оқушыларды смайликтермен бағалау.
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,тілек ағашына ілу.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 581 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |