Здесь была ссылка на работу Ана тілім - қанатым (2-сынып) автора Казтурганова Мейрамгуль Баймуратовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Ана тілім –қанатым.Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілінің қадір қасиетін біліп, тілдің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл мәдениетін сақтай білуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу.Көрнекілігі: Сынып сағатының тақырыбы,нақыл сөздер жазылған плакаттар.Сабақтың барысы:Мұғалім: Біздің Отанымыз байтақта бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің Құдіреттілігі көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында.Туған тілім-тірлігімнің айғағыТілім барда айтылар сыр ойдағыӨссе тілім, менде бірге өсемінӨшсе тілім, менде бірге өшемін!Бүгінгі : «Ана тілім-қанатым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Ана тілім-қанатым» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.1-оқушы Туған тілімТуған тілім –бабам тілі –өз тілім!Туған тілім- анам тілім-өз тілім!Туған тілім- далам тілі –өз тілім!Туған тілім-далам тілі –өз тілім2-оқушы.Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар.Туған тілім тіл болудан қалса егер,Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.3-оқушы.Сүйемін туған тілді, ана тілін.Бесікте жатқанда-ақ берген білім.Шыр етіп жерге түскен минутымнанҚұлағыма сіңірген таныс үнін:4-оқушы.Туған тілде сыры терең жаным бар,Туған тілде әнім менен сәнім бар.