«Ана тілім – тірегім»
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Минтаева Гульмира Спатаевна
|
«Ана тілім – тірегім»
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту
бүкіл ата – бабамызды, тархымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
Тіл қарым – қатынас құралы, тіл халықтың жаны дейміз. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзат атаулының тірлігінің мәні жоқ. Міне, осы орайда ана тіліміз жойылып терең толғану әр қазақтың борышы деп білемін. Ана тілін қадірлемеу, оны тұла бойымен сезіне алмау надандық. Тіл құрыса халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында жоғалған халықтардың барлығы баршамызға мәлім жағдай. Олардың өшіп кетуіне тілдерін жоғалту себеп болғаны дәлелденген. «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген нақыл сөз өте дұрыс айтылған. Тілі мен дінінен айрылған халық көрінген көк аттының қолжаулығы болатыны белгілі. Біз үшін ХХ ғасырдың ұлы жетістігі егемен ел болуымыз ата – бабамыз армандап кеткен тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді тәубе дейміз. Тәуелсіз ел атанғанымызға 22 жыл болса да тіл мәселесі әлі де ақсап тұр. Екі тілділік ұран салып, енді үш тілділікті қолданысқа енгізу керек деп жатыр. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші бірінші қазақ тілі өз дәрежесінде болу керек. Орысша сөйлейтіндердің көбі өз қандастарымыз. Елбасымыздың өзі қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген сөзі бар. Бұл сөзде терең мән жатыр. Кезінде ата – бабаларымыздың найзаның ұшымен білектің күшімен сақтап қалған жерімізде тіліміздің үстемдік таныта алмауы қынжылтып жүр. Әрине үш тұғырлы тіл қазіргі заман талабы әрбір адам орыс тілінде де, ағылшын тілінде де сөйлесін, бірақ ана тіл сол тілдердің көлеңкесінде қалмаса екен. Ата – бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы отбасында ана тілінде сөйлеп айналадағы оқиғаларды сол тілде айтып, сол тілде қуаныш – ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл ана тіліміздің қадір – қасиетін арттыратыны даусыз.
Ата тілінде ата – баба сыры бар,
Аудармадан түп нұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсеңде,
Ана тілсіз оның қандай құны бар, – деп Асқар ағамыз жырлағандай өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін айтып толғанады.
«Тілден асқан байлық жоқ» дүние – мүлік, алтын – күміс барлығы мәңгілік емес күндердің күнінде жоғалады, немесе халықпен мәңгі бірге жасайтын ана тіліміз екенін ұмытпасақ екен.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 12.24 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |