Ана тілінен ашық сабақ 1 сынып "Ғарышқа ұшу"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті

№19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сейтова Айгерім

Ана тілі

Ашық сабақ 1 «Ә» сынып 11.04.2014жыл

Тақырыбы: Ғарышқа ұшу.158-159 жаттығу

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Байқоңыр ғарыш айлағы,тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров туралы түсінік беру.

ә) Дұрыс оқу дағдыларын,сөздік қорын молайту.Ой-өрістерін,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Түсініп оқуға,мазмұнды ой айтуға үйрету.Көркем етіп таза әрі қатесіз жазуға баулу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,бейнетаспа,слайд

Көрнекілігі:Ғарыш әлемінің суреті,табиғат әлемінің суреті,

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару

.

Психологиялық дайындық:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Балалар,бүгін біз саяхатқа шығамыз. «Ғарыш» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? (Оқушы жауабы)

Ғарыш әлемі көрсетіледі.

І.Аспан бұлттана бастады. «Жел» патшасы мына тапсырмаларды орыңдасандар жолдарынды ашамын дейді.

1.Қазақ батырларын ата?

2.Үш жүздің басын қосқан кім?

3.Үш биді ата?

(Зымыранның суреті шығады.)

Бейнетаспа көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Жаңа сабақ:

1. Мәтінді мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.

2. 2.Т.Әубәкіров,Ю.Гагарин ,Т.Мұсабаев туралы қысқаша айту.

Қазақстан – ғарыштық мемлекет

Ғарыш – араб тілінен аударғанда , Кеңістік , космос деген мағынаны білдіреді

1961жылы 12 сәуірде - әлемде тұңғыш адам баласы ғарышқа қазақ топырағынан аттанды

Ғарышкер Ю. А. Гагарин еді.

Олжас Сүлейменов – «Адамға табын , Жер, енді! » поэмасын жазды.

Ғарыш кемелері Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады.

1991 жылы 2 қазанда – Қазақстан тарихына ғасырдың тағы бір ұлы оқиғасы жазылды. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты

2.Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

- 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

- Ұшқыш болуды жастайынан армандап , аэроклубқа қатысып , парашютпен секіруге жаттығады

- 1969 ж. Армавир әскери авиация училищесін үздік аяқтайды

- Қиыр Шығыс әскери бөлімдерінде инженер – ұшқыш мамандығы бойынша қызмет атқарады.

- 1974жылы – 1 – санатты ұшқыш атанады.

- 1988 жылы – жаңа авиация техникасын сынақтан өткізуде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

- 1991 жылы 2 қазанда – Байқоңырдан «Союз ТМ – 13 » кемесімен ғарышқа ұшты

- Қазіргі күні авиация генерал – полковнигі

- Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы

- Болашақ ғарышкерлерді дайындайтын мектеп ашқан.

3. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев

- 1951 жылы – Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген.

- Ол – Қазақстан Республикасының , Ресей Федерациясының ұшқыш – ғарышкері

- Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын

- Ақтөбе жоғарға ұшқыштар училищесін бітірді

- 1986жылы – азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп , осы саланың ұшқышы мамандығын алды.

- 1990 жылдан – ғарышқа ұшуға дайындалды

- 1991 жылы – «ғарышкер - сынықшы» біліктілігін алып шығады

- Ол 1994 жылдың 1 маусымынан 4 қарашасына дейін «Союз ТМ» ғарыш кемесімен ғарышта болды

- 2 рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері

- Гимнастика және ұшақ спорты бойынша КСРО спорт шебері

- Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы

3.Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға іштей және тізбектей оқыту.

4. Мәтіндегі қиын сөзбен жұмыс.

Оқущыларға «мәтінде оқуға қиын болған сөздер кездесті ме?» (1961ж)

5.Ой шақыру.

1. Адамдар қайда ұшуды армандады?

2.Тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?

3. Қазақтан ғарышқа кім ұшты?

ІІ.Алдымызда қатты жел тұра бастады. «Бұлт» патшасы мына тапсырмаларды орындасандар жолдарыңды ашамын дейді.

Көркем жазу минуті: 158-жаттығу өлеңді оқып,көшіріп жазу.

Байқоңыр.

Ғарышкерлер мекені-

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.

Сергіту сәті:

ІІІ. «Жаңбыр» патшасы да өз тапсырмасын орындамаса,жолды ашпайтынын айтады.

1. «Байқоңыр» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2.Шашылған сөздерден сөйлем құрастыру.

3.Мереке күндерін ата

ІҮ. Балалар енді күн ашыла бастады «Күн» патшасы мынадай тапсырма беріпті.

Жұмбақ шешу:

1.Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,

Соңында із қалады. (Зымыран)

2.Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)

3.Әдемі түнде

Мен жүрсем,жүреді бірге. (Ай)

4.Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет. (Тікұшақ)

5.Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

6.Аспандағы көлеңке,

Жерге суын шашады. (Бұлт)

Қорытындылау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 49 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 153

Похожие материалы