"Ақпаратты ресурстарды пайдалану арқылы мұғалімдердің шығармашылығын қалыптастыру" баяндама

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі

Сабақтың мақсаты: а) Құстардың алуан түрлілігі және олардың ерекшелігі

туралы жан-жақты түсінік беру.

ә) Сөздік қорын, белсенділігін, қиялын дамыту.

б) Құстарды қорғауға, қамқор болуға баулу, табиғатты сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, СТО жобасының стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреттері, сызбалар

Сабақтың барысы:

I.Психологиялық дайындық

- Оқушылардың сабаққа дайындығы

-Оқушы зейінін аудару

Қоршаған ортамен сәлемдесу

Сәлеметсіз бе, ашық аспан!

Сәлеметсіз бе, күннің көзі!

Сәлеметсіз бе, өсімдіктер мен жануарлар!

Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар!

Жамандықты тастайық,

Сабағымызды бастайық!

-Жарайсыңдар балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы

3-4 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау (Тест)

1.Жем іздеуге түнде шығатын жануар?

а) Бұғы ә) Қасқыр б) Аю

2.Қандай жануар терісінің түсін өзгертеді?

а) Қоян ә) Кірпі б) Жолбарыс

3. Қыста ұйқыға кететін қай жануар?

а) Тиін ә) Барыс б) Аю

- Есімізге түсірейікші, жануарлардың топтарын атайық.

-Осы топтардың ішінде құстарға тоқталамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

Суретпен жұмыс

Орман дыбыстары арқылы балаларды сабаққа даярлау.

-Балалар бір сәтке көзімізді жұмып, мына дыбыстарды тыңдайық. Осы дыбыс арқылы көз алдарыңа нені елестеткендеріңді айтасыңдар.

-Ненің даусын естідіңдер?

-Көз алдарыңа нені елестеттіңдер?

Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Құстардың алуан түрлілігі»

-Құстар туралы не білеміз, ойымызды жинақтайық.

-Құстардың табиғатта қандай пайдаса бар?

-Олардың ерекшеліктері қандай?


Көлдің көркі Зиянды жәндіктермен

қоректенеді

Денесі мамықпен қапталған Қанаты қауырсыннан тұрады

Орман көркі Екі қанаты

Табиғаттың сәні Екі аяғы

-Құстар жануарлардың ішіндегі көп тараған түрі. Олардың табиғатта 9 мың түрі болады. Тіршілік ету әрекеттері әртүрлі, олар табиғат сақшылары. Құстардың пайдасы өте көп.

-Құстар нешеге бөлінеді? ( 2 топқа)

-Қандай құстар?

Қаз

Үйрек

Тауық

Әтеш

Аққу, қараторғай, ақтұмсық, Қарға, тоқылдақ,

көкек, қарлығаш, ләйлек, сауысқан, көгершін,

бозторғай, сарғалдақ. көкшымшық, торғай.

-Неге бұл құстарды «Жыл құстары» деп атайды?

-Олар немен қоректенеді?

-Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?

(Жыл құстары күздежылы жаққа ұшып кетеді, көктемде бізге қайта оралады, жазда олар бізде тіршілік етеді, ұя салады, балапан басып шығарады.)

- Енді осы құстардың арасында жыртқыштары да бар екен. Олар қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі.

Қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі суреттері

Бөдене, бұлбұл, бозторғай суреттері

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей оқыту, тізбектей оқыту

Сергіту сәті

Даңғыраны ұр қатты,

Дәл қайтара ырғақты,

Тоғайда бар тоқылдақ

Үні естілді тоқылдап.

Тоқ-тоқ-тоқ-тоқ,

Даңғыраны ұр қатты,

Дәл қайтара ырғақты,

Дүрсілдетіп даланы,

Бұршақ жауды сақылдап,

Сақ-сақ-сақ-сақ!

Дәптермен жұмыс

Құстарға сипаттама беру

Шығармашылық тапсырма

1. Құстардың суретін бейнелеу

2.«Құстар біздің досымыз» тақырыбында эссе жазу

Тірек сөздер: Құстар, дос, қоректенеді, пайдалы, ...

Ситуациялық сұрақтар: Орманда келе жатырсың, құстың ұясынан балапаны жерген түсіп кетіпті. Не істер едің?

IV. Қорытынды

Таң қаларлық сәт

Құстың дыбысы естіледі. Қонаққа қыран құсы келіп, тапсырма әкеледі. Тапсырмаларды орындай отырып, қыран құсының бейнесін құрастыру.

  1. Жыртқыш құстарды ата.
  2. Олар жемін қалай аулайды?
  3. Ұясын шөптің, бұтаның арасына салатын қандай құс?
  4. Құстар табиғат жағдайларына қалай бейімделген?

V. Үйге тапсырма

Оқу , мазмұнын айту

Құстардың суретін салу

VI. Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.1 Mb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 150

Похожие материалы