"Аралас сандарды азайту" (5-сынып)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Исказиева Лаззат Битималиевна
|
Сабақтың мақсаты:
1) Аралас сандарды азайту және жай бөлшектер мен аралас сандарға қосу,азайту амалдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2) Оқушыларды тарихи материалмен таныстыру. Өз елін құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: плакатқа жазылған есептер, слайдтар.
Сабақ әдісі:жүйелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабақ басындағы көңіл-күйлерін анықтау.
Біз бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз.
Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз.
Біз сізге қуаныш сыйлаймыз.
ІІ. Сөзжұмбақ шешу.
1.Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның екі нүктесін қосатын кесінді .
2. Жазылуында бүтін және бөлшек бөлігі бар сан .
3. Мәні анықтауды қажет ететін әрпі бар теңдік .
4. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан.
5. Нәрселерді санау кезінде қолданатын сан .
6. Бөлудің нәтижесі .
Сөзжұмбақ кілті - Астана
Астана- біздің еліміздің бас қаласы.
Астана- Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі. Бұл - соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш-жігеріне деген сенімнің белгісі. Бұл- азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына,ұрпағының келешегіне зор үмітінің көрінісі.
(Н.Ә. Назарбаев «Еуразия жүрегінде»).
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 550,551 (ж.ж.)
Ауызша қайталау сұрақтарына жауап беру.
ІV. Есеп шығару.
Неге 97м екендігін кім айтады?
Жауабы:
Бәйтеректің биіктігі тура 97 метр екендігінен бастайық.Бұл елдің ордасы Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрына, 1997 жылға сәйкес келеді. Біздің «Бәйтерегіміздің» аса бірегей болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас обьекті жоқ екендігін атап көрсетуге тиіспін.Мысалы, осындай шарды биіктікке орнатудың сәулеттік тәжірибесі кездесетін кейбір қалалар бар.Мәселен, Эмираттарда осындай шар 56 метр биіктікте тұр.Бұларды біздің биіктігі 97 метр «Бәйтерегімізбен» салыстырып көріңіз.
(Н.Ә.Назарбаев«Еуразия жүрегінде» ).
Жауабы:
Арнайы шыны пакеттермен әйнектелген күмбездің салмағы 70 тонна тартады, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 шаршы метр. Осынау ғаламат шардың ішінде панорамалық зал бар, одан жаңа астананың ертегіге айналған «ескі» және «жаңа» пейжазы кең ашылады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіре берісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 тонна металл конструкциямен жалғастырылған.
(Н.Ә.Назарбаев«Еуразия жүрегінде» ).
Қазақ ертегілерінің ішінде жұрттың бәріне таныс ең сүйікті кейіпкер Ер Төстік шығар. Ер Төстіктің айшылық алыс жолдардан, асу-асу белдерден өтіп, жерасты патшалығына тап болатыны бар емес пе? Сонда ол өмірдің бастауын бейнелейтін алып ағашты көретін еді ғой?
Түркі халықтарының аңызы бойынша, осы алып ағаштың ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен.Бірақ жылдың белгілі бір мезгілінде осынау Ұлы құстың жыл сайынғы жалғыз балапаны өліп қала береді. Жұмыртқадан балапан жарып шыққан бойда бір айдаһар-жылан алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз, күнәсіз балапанды жұтып қояды екен. Жерасты патшалығына түскен Ер Төстік балапанға ұмтылған айдаһарды садақпен атып өлтіреді. Бұған риза болған Самұрық балапанын ажалдан алып қалғаны үшін Ер Төстікті жер астынан жер үстіне алып шығады.
Жаңа астаның символы нақты не болуға тиіс? Қандай дүние біздің ұлттық тыныс-тіршілігімізді, бет-бейнемізді дәл бейнелей алады әрі бір көргеннен түсінікті бола кетеді? Мен өзімнің жеке тәжірибем мен Ұлы Даланың мәдениеті, тарихы, мифологиясы туралы оқығандарыма сүйеніп, ойша көп образды сомдап шықтым. Ойым онға, санам санға бөліне келе, ақыр аяғында Бәйтерек символына тоқтадым. Бала кезде оқыған Ер Төстік ертегісінің әсері ақыры өз дегенін істеді. Мен ойымдағы Бәйтеректің долбар-пішіндерін қағазға түсірдім...
(Н.Ә.Назарбаев«Еуразия жүрегінде» ).
V.«Математикалық лото» ойыны.
Бұл ойында оқушылар есеп жазылған карточкаларды алып, тапсырмалар орындайды. Тақтадағы жауаптар жазылған плакатқа сәйкес тапсырмаларды жапқанда, әр түрлі цифрлы фотоаппарт, видеокамера , ноутбук, ұялы телефон т.б. цифрлық аппаратуралардың суреттерін көреді.
Бәрінен бұрын мен Астананы аты шулы «цифрлық кедергіні» жеңудің көш басынан көргім келеді.Бұл кедергіні жеңе алмаған адам ақпараттық техника беретін барлық артықшылық игіліктерді пайдалана алмайды.Керісінше ол мұндай адамдардың тұрмысы мен жұмысын қиындата түседі.Кедергіні жеңу халықтың тұрмыс деңгейін күрт арттыруға алып келмейді және игіліктерді де тезірек бере қоймайды. «Цифрлық кедергіні» жеңу дамуға дем береді, олай болса, техникалық прогресс теориялық жағынан да, практикалық жағынан да өрістей алмайды, соған сәйкес мемлекет пен оның азаматтарының әл-ауқатын одан әрі арттыруға да кедергі түседі.Мұның тұтастай Қазақстанға да, жас елордамыз Астанаға да қатысы бар”.
(Н.Ә. Назарбаев « Еуразия жүрегінде» ).
VІ. Үйге тапсырма.№555.
Н. Назарбаев. "Еуразия жүрегінде"
кітабын оқу.
Қорытынды.
Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 416 Kb |
Количество скачиваний: | 27 |