Арифметикалық орта Математика (5-сынып)

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық орта.

Мақсаты:Білімділік: бірнеше санның арифметикалық ортасын табу ұғымымен таныстыру, берілгендер қатары бойынша элементар статистикалық түсініктерді, ең үлкен және ең кіші мәндер, мода туралы ұғымдар қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыстануды дамыту.

Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбелеу.

Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, меңгерту, іскерлік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі. Плакаттар, интерактивті тақта,

Сабақтың барысы:

І кезең: Ұйымдастыру.

«Көпір тапсырмалары» (5-7 минут).

ІІ кезең: Синептикалық бөлім.

(Өз бетімен тақырыпты меңгерту) (20-25 минут).

ІІІ кезең: Кері байланыс.

(Нәтижеге бағытталған бөлім).

I – кезең. Ұйымдастыру кезеңі (5-7 мин)

«Көпір» тапсырмалары

Өткен тақырыпты пысықтау, қайталау сұрақтары:

1) Ондық бөлшектерге мысал келтіріңдер.

2) Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін айтып беріңдер.

3) Ондық бөлшектерді қалай көбейтеміз?

4) Ондық бөлшектерді бөлу ережесін еске түсіріңдер.

5) Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдануда арифметикалық амалдардың қандай қасиеттерін қолдануға болады?

Тез есепте!

1)Амалдарды орындаңдар:

32,38 + 25,49= (57,87) 4,13 * 5,2 = (21,476)

6,07 – 3,4 = (2,67) 67,52 : 32 = (2,11)

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 52 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 158

Похожие материалы