Арнайы түзету мектебінде « ерекше» балалармен жұмыс (семинардың бағдарламасы)

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушылардың барлық мүмкіншілігін дамыту, түзету және де қоршаған ортада өздерін бейімдей алуға тәрбиелеу мәселесі бойынша арнайы мектептің мұғалімдері мен тәрбиешілеріне арналған кеңестер беріледі.1) «Ерекше» балалар оқитын сыныптардағы жұмыс жасайтын мұғалімдерді мәселенің негізгі бағыттарымен және жолдарымен таныстыру.

2) Педагогтардың тәжірибелік іс әрекетінде жаңа әдістер мен формалар арқылы оқушылардың дамуына және тәрбие алуына қолайлы жағдайлар қарастыру. 3)Педагогтардың шығармашылық  инициативаларын тудыра отырып, тиімді  түзету-дамытушылық технологияларды іздестіру және де дамытушылық ортаны құру.

Семинардың жұмысы  кейбір нақты актуальды мәселелерді шешуге себебін тигізді.

Жеткілікті мөлшерде, дайындалу шаралары өткізілді. «Ерекше» балалармен жұмыс жасаудың жолдары шешілді., педагогтардың бастауымен әр түрлі бағдарламалар құрылды.Ата – аналарды мектепке тарту « отбасы мектебі» құрылды.Осындай сыныпта жұмыс жасап жүрген мұғалімдер типтік оқу бағдарламасын нұсқауға ала отырып, осы категория балаларына арналған күнтізбелік жоспар жасалды.Яғни осы жұмыстар нәтижесінде , оқушылар ең бірінші қолайлы ортада жайлы сезіне отырып, ешбір қиындықсыз ортаға бейімделіп өз деңгейлеріне қарай бағдарлама жоспарын меңгеріп келеді. Педагогтардың дайындығы мен мотивациясы соңғы даму нәтижелеріне ( әңгімелесу, сұхбаттасу, пікірлесу, өзара сабаққа қатысу , шеберлік кластарын беру, жаңа келген мұғалімдер тәжірибе жинақтау, семинарлар мен тренингтер) және  де жеке тұлғалық бағытта жұмыс жасай отырып, дәстүрлі емес формада жұмыс жасау бағыты  дұрыс шешім мен прогрессивтік технологияларды меңгеруде үлкен жетістіктерге жетті.

Жұмыс барысында әртүрлі жаңашаланған технологиялар : интерактивті тақталар, арттерапия, ойын терапия, музыка терапия , кітап терапия, ертегі терапия, бейнелеу терапиялары және т.б технологиялар түрлері қолданылды. Осы семинар барысында « » тақырыбымен ашық есік күндері өткізілді. Әр түрлі бағытта : тірі және өлі табиғаттыбақылау , пәндік іс –әрекет , бастауыш кластағы ойын –әрекеті , желілік – іскерлік ойындар жоғары  кластарда , шаруашылық- еңбектік әрекеті , оқушылардың  әлеуметтік-тұрмыстық  әрекет , қоршаған  ортамен  қарым –қатынас  коммуникациясы , оқу-іс әрекеті сияқты бағыттарда жұмыс жасалды. Бұл жасалған жұмыстар түрлері оқушылардың біліктілік деңгейлерін арттыра отырып, қоршаған ортада өздерін әлеуметтендіруіне жағдай жасайды.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.89 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 142

Похожие материалы