Қарым - қатынас ережелері, әңгімелесе білу өнері
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нургалиева Гулжахан Емутбаевна
|
"Описание материала:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарым – қатынас ережелері, әңгімелесе білу өнері.
Мақсаты: Оқушыларға дұрыс әңгімелесе білу әдебін үйрету, тыңдаушыны сыйлай білу дағдысын қалыптастыру
Әдістер: әңгімелесу, дәптермен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Жұмыс дәптері, тест, суреттер.
Сабақ барысы 1. Әңгімелесу. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз « Қарым – қатынас ережелері. Әңгімелесе білу өнері» деген тақырыпта өтеді. Балалар, қалай ойлайсыңдар, біреумен әңгімелескенде қандай тақырыптарды қозғаған жөн болады?
Балалар: Әрине, тыңдаушыны қызықтыратын тақырыпта әңгімелескен дұрыс.
Мұғалім: қарым – қатынастың қандай ережелерін сақтай керек?
Балалар: - Өзің туралы азырақ айту керек. - Қасыңдағы адамның сөзін бөлмей, әңгімесін аяғына дейін ықыласпен тыңдау керек. - Сөзіңді бөлген адамнан асыра дауыс көтеріп сөйлемеу керек. - Тыңдаушының назарын қолыңмен, қимылыңмен емес, сөзіңмен өзіңе аудара білу керек. 2. Тест Сіз телефоннан «Алло» деген дауысты естідіңіз. Төмендегі нұсқалардың қайсысын әңгіменің басында қолданар едіңіз. 1/ а/ кім сөйлеп тұр? б/ Бұл кім? в/ сәлеметсіз бе, Фараби Сәбитұлын болар ма екен? 2/ а/ Маған Маратқызы керек, тез! б/ Маған Әлия Маратқызын шақырыңыз. в/ Рақым етіңіз, Әлия Маратқызын телефонға шақырып беріңізші. 3/ а/ Сәлеметсіз бе? Какенді бола ма екен? б/ Кім сөйлеп тұр? в/ Қарлығашты шақыршы. 3. Топпен жұмыс. ( Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа төмендегідей жеке тапсырма беріледі.) 1 топ. «Әңгімені қалай жүргізуге болады?» деген сұраққа жауап болатындай мақал – мәтелдерді теріп жаз. 1. Ақылдымен сөйлессең, ақылыңа ақыл қосасың, ақымақпен сөйлессең, өз ақылыңды жоғалтасың. 2. Жаман сөз оттан бетер күйдіреді. 3. Сөйлеп отырып тамақ ішпеймін. 4. Сұрағанына қарай жауабы. 5. Әнді бірге айтқан жақсы, Әңгімені жеке айтқан жақсы. 2 – топ «Сәлеметсіздер ме» , «рақым етіңіз», «өтінемін» деген сөздерді пайдалана отырып, телефонмен әңгімелесудің 2, 3 – нұсқаларын жазыңдар. 3 –топ Керекті сөздерді орнына қоя отырып, мына сөйлемдерді аяқта: Сөйлеу ауызша және ... Диалогты және ... Топтардың орындаған тапсырмалары тыңдалады. 4. Балалардың шығармашылығы. Мына суретті жақсылап қараңдар. Осы сурет бойынша ертегі жазу керек. Қиалдап көріңдер. Суретті әдепті және әдепсіз балалардың қылықтары көрсетілген. ( 5 минут уақыт беріледі. Балалар ертегі жазып жатқан кезде баяу музыка ойнап тұрады) 5. мұғалімнің қорытынды сөзі. Балалар! Мына нәрселерді есте сақтаңдар. 1. жақсы әңгімені «Ал мен болсам...», «Ал менде бар ғой ...» деген сөздермен бөліп жіберетін, сөзшең, мылжың балаларға еліктемеңдер. 2. Сен әңгімені қаншалықты ықыласпен тыңдасаң, басқаларға сенімен сөйлесу соншалықты қызықты болады. Сонымен, балалар, біз сендермен сөйлесу әдебін сақтау керектігіне тағы да көз жеткіздік.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 162 B |
Количество скачиваний: | 10 |