Ас қорыту мүшелерінің құрылысы 8 класс
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Сейтимбетова Ботакоз Абиловна
|
Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы
жалпы білім беретін № 6 орта мектептің
Биология пәні мұғалімі
Сыныбы 8 «А»
Өтілетін орны № 210
Сабақтың тақырыбы: §45 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың мақсаты:
білімділік - ас қорыту мүшелерімен, олардың құрылысымен, атқаратын қызметімен таныса отырып оқушылардың білімділігін арттыру;
дамытушылық - оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамыта отырып,
сабаққа деген қызығушылығын, білімге деген құштарлығын арттыру, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту; тәрбиелік - ағза үшін асқорыту мүшелерінің маңыздылығын ескере отырып, дұрыс толыққанды тамақтануға салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндірмелі – иллюстративті, баяндау, тірек-сызба әдісі, іздендіру.
Сабақтың технологиясы: сын тұрғысынан ойлау, ойын, ақпараттық – коммуникациялық технологиясының элементтері.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд-суреттер, тірек-сызба
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгелдеп,сынып оқушыларын сабаққа психологиялық дайындау.
Саламатсыңдар ма, оқушылар.
Отырыңдар.
Сыныпта кім кезекші?
Кім сабаққа келген жоқ ?
Жақсы отыра ғой.
Оқушылар олай болса, зейіндерің тақтада болсын!
деген өлең жолдарын оқи отырып, бүгінгі күндерің нұрлы болсын!
Сабақ сәтті өтсін,көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын!» - деп жақсы тілек тілеймін.
Оқушылар өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Оқушылар өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді ?
§ 44. Ас қорытудың маңызы, оқып, түсінік айту.
Үй тапсырмасын «ұшқыр ойдан,ұтымды жауап»,- дегендей сұрақ-жауап әдісі арқылы сұраймын.
1- слайд.
«Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» (Сұрақ-жауап әдісі)
1. Күрделі органикалық қосылыстарға жатады?
2.Су адам организмінде дене массасының қанша пайызын құрайды?
3. Адамның көмірсуларға тәуліктік қажетсінуі?
4. Жануартекті өнімдер?
5. Нәруызға тәуліктік қажеттілік қанша грамм құрайды?
6. Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін заттар ?
7. Су көп мөлшерде қайда болады?
8. Тәулігіне адамға қанша су қажет?
9. Көмірсулардың организмдегі қызметі ?
10. Авитаминоз – ненің жеткіліксіздігінен туатын ауру?
Оқушылар үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер
Енді мына сұраққа кім жауап береді?
Қандай қоректік заттарды білесіңдер?
Иә, дұрыс айтасыңдар. Нәруыз,май,көмірсу,су,минералды тұздар.
ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Ендеше,тақтада бейнеленген суреттерді қоректік заттардың тұсына дұрыс орналастырса, бүгін өтетін жаңа сабақ жайлы өлең жолдарын оқисыңдар.
2- слайд.
«Сәйкес қоректік заттарды ата» ( суреттердің сәйкестігін табу)
3- слайд.
деген өлең жолдарымен бүгінгі сабақты бастаймын.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
«Білгенге маржан» баяндау, сипаттау,бейнетаспамен көрсету, түйіндеу
4- слайд.
Бүгінгі тақырыпты, жоспарын дәптерге жазыңдар.
5- слайд.
Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын (асқазан) ашішек, жатады
6- слайд.
Ауыз қуысы ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.
7- слайд.
Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.
8- слайд.
Жұтқыншақ – ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше:онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді. Өңеш-ұзындығы, шамамен,25 см бұлшық етті түтік.Өңеш көкет арқылы өтіп,ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады
9- слайд.
Асқазанның құрылысы, ас қорыту жолының көлемі ұлғаюы.Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан.Пішіні сыйымдылығы 2 -3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.
Асқазанның бұлшықеттерінің құрылысы мен қызметіне байланысты 1 мин.видео ролик көрсетілді.
10- слайд.
Ас қазанда өңештің кіреберіс саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауын ажыратады. Кішкене қарынның сілемейлі қабығы қатпарлар түзеді. Олар тамаққа толғанда асқазанның созылуына мүмкіндік береді.Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық еттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш және сақина тәрізді бұлшық еттерден тұратын үш қабат түзеді.сақина тәрізді бұлшық еттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнында сфинктер түзеді.
11- слайд.
Аш (ащы ) ішек – ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы5-7 м және үш бөлікке: ұлтабар аш ішек және мықын ішекке бөлінеді.
Ұзындығы, шамамен 25 см болатын ұлтабардың пішіні таға тәрізді, оған ұйқыбез бен бауыр өзектері ашылады.
12- слайд.
Аш және мықын ішектің сілемейлі қабығында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер және жіңішке өсінділер – ішек бүрлері болады. Ішек бүрлерінің жалпы мөлшері 4 млн – ға жетеді, бүр биіктігі шамамен, 1мм, жалпы сіңіретін беті 200 м2- дей.ішек бүрлері бір қабатты эпителийден тұрады.
13- слайд.
Тоқ ішектің құрылысын, суреттерін көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндірді. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5 - 2 м және ол соқырішек, жиек ішек және тік ішекке бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі- ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады.
Тоқ ішек пен аш ішектің қызметіне байланысты 1 мин.видео ролик көрсетілді.
14- слайд.
Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Оған қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі – аппендицит пайда болады. Тоқ ішек қабырғасында бүрлер болмайды, аз мөлшерде сөл өндіретін бездері бар тоқ ішек тік ішекпен аяқталады.
15- слайд.
Ұйқыбез асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез өндіретін сілтілік раекция көрсететін ұйқыбез сөлі ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Бездің маңызды шығаратын өзегі ұлтабарда ашылады. Ас қорыту қызметінен басқа ұйқы без ішкі секрециялық қызметінде атқарады. Онда безді жасушалардың ерекше шоғыры – аралшықтар бар. Олар өз секретін ұлпа сұйықтығына, содан кейн қанға бөледі.
16- слайд.
Бауыр ең ірі без. Массасы, шамамен, 1500 гр. Ол қызыл қоңыр түсті. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр – күрделі түтікшелі без оның секреті -өт.
Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналатындығына байланысты 1 мин. видео ролик көрсетілді.
17- слайд.
Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Ас қорыту кезінде бауыр өзегі арқылы өт жалпы өт өзегіне ағады. Ол ұлтабар арнасына ашылады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Бауырда көмірсулар қоры гликоген – жануар крахмал түрінде жинақталады.
Сергіту сәті
Ү. Жаңа сабақты бекіту
«Көңілге түйгенің»
1. Бұл қандай ас қорыту мүшелері? (Суреттер сөйлейді)
18 - слайд.
2. Біліміңді сына. (Сұрақ-жауап әдісі)
19 - слайд.
3. «Ұзындығы,сыйымдылығы,массасы қандай?» (кесте толтыру)
20 - слайд.
4. Ас, тағам жайлы мақал-мәтел айтып жарысайық.
ҮІ. Қорытындылау
Сабақты қорытындылай келе оқушылардың не үйренгенін, нені еске сақтағанын білу үшін әрбір ас қорыту мүшесінен биологиялық диктант қойдым.
ҮІІ. Үйге тапсырма
§ 45 Ас қорыту мүшелерінің құрылысы тақырыбын оқу,кестені толтыру
ҮІІІ. Бағалау
Бағалау кезінде 17 оқушының «5»-ке 10 оқушыны, «4»-ке 6 оқушыны, «3»-ке 1 оқушыны бағаладым.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.1 Mb |
Количество скачиваний: | 4 |