Методические разработки
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Керимбеков Мухтар Капанович
|
БҰТАҚТЫ ЖӘНЕ ЖЕМІС АҒАШТАРДЫ КЕСУ ТЕХНИКАСЫ
Мұхтар Қапанұлы Керимбеков - Оңтүстік Қазақстан облысының білім,
жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының
«Экологиялық орталық» МКҚК әдіскері
Жеміс беретін ағаштарды кесу. Кесудің негізгі мақсаты жеміс беру кезеңінде өсіп-өнуді көбейту мен шығыршың санының қалыпты қатынасын қалыптастыру, ішкі бөрікбастағы бұтақтардың жеміс беруін ұзарту, ескі бұтақтарын жаңарту, жыл бойынша тәртіптеу. Бұл жерде кесудің қарапайым тәсілі қолданылады. Ағаштың бөрікбасының ауқымын қадағалау, жиі болып өсуіне жол бермеу қажет. Ағаштарды қатты жараламау үшін кесуді жылма-жыл жасайды. Кесілген сайын ағаштың өсу реакциясы арта түседі де, қалыптан тыс қалыңдайды. Жыл өткен сайын ағаштың жеміс беруі артып, өсуі азаяды. Ағаштың өсу белсенділігінің тежелуінен жаңа жеміс беретін бұтақтар көбеймейді, ал ескілері кезеңмен жеміс салады, яғни бір жыл береді, келесі жылы демалады. Жеміс беретін ағаштарды қырқу-кесу дегеніміз бұтақтарды сирету және қысқарту болып табылады. Ол ағаштың өнімі көп болу үшін және берген өнімнің сапасы жақсы болу үшін жасалатын іс-шаралар. Ағаштарды - қырқу кесу жауапы іс. Ағашты дұрыс кеспеген сәтте керісінше өнімнің төмендеуіне әкеп соғады. Қырқу-кесу ағаштың бойында сөл жүру басталғанша, қыс аяғында немесе ерте көктемде жүргізіледі. Яғни ақпанның екінші жартысында ағаштарды кесу ең қолайлы сәт. Ауаның температурасы -2 Сº-ден төмен болмағаны жөн. Қырқу-кесу жұмыстары дұрыс жүргізілмегенде ағаштар ауырып, әлсірейді, осындай әрекеттердің алдын алу үшін төмендегі кеңестерге көңіл бөліңіздер. Ағаштарды дұрыс қырқып, сол мақсатты іске асыру үшін, алдымен керек. Егер де бұталарды арамен кессеңіз, кесілген жерлерді өткір пышақпен тегістеп, өңдеу қажет. Сонымен бірге қырқып кесетін жерді микробтардан қорғау үшін міндетті түрде бақша қамырын (садовый вар) жағып қою керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 357.57 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |