Ақша оның мәні және атқаратын қызметі (7 топ)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каратаева Карлыгаш Кайржановна
|
Тақырыбы: Ақша оның мәні және атқаратын қызметі
Мақсаты: 1. Ақшанының пайда болуы жайлы түсінік беру. Оның даму
тарихындағықолданылуы мен атқаратын қызметтері және
қасиетімен толығырақ таныстыру;
2. Оқушылардың экономикалық танымын дамыту, білімдерін
тереңдету, шығармашылық қабілетін арттыру;
3. Өздігінен ізденуге, еңбектенуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Қолданылатын технология: сыни тұрғыдан ойлау
Көрнекілігі: мультимедиялық құрал-жабдықтар, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сабақтыңмақсатынхабарлап, оқушылардың
назарын сабаққа аудару, экономикалық
білімге деген қызығушылығын арттыру.
II. Қызығушылықты ояту
Қазір студенттерді екі топқа бөлеміз, олар тапсырмаларды орындағанда жауаптары ақша бірліктері (а.б.) арқылы бағаланады. Дұрыс жауаптарға ақша бірліктері қосылады, егер жауабы дұрыс болмаса ақша бірліктері шегеріліп отырылады.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Миға шабуыл:Мақсаты: өткен материалдар бойынша түсініктерін тексеру. Студенттер топ бойынша берілген сұрақтарға жауап береді (100 а.б.)
Сұрақтар:
1. Нарықтағы сұраным деген не?
(Сұраным – ақшалай қамтамасыз етілген, төлем қабілеті бар қажеттілік)
2. Нарықтағы сұраным заңы қалай қызмет етеді?
(Тауарға баға төмендегенде, сұраным мөлшері көбееді және керісінше, егер тауарға баға өссе, оған сұраныс азаяды)
3. Нарықтық сұранымға әсер ететін факторлар қандай?
(баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысының деңгейі, нарық көлемі, сатып алушылар саны)
4. Нарықтағы ұсыным деген не?
(тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы)
5. Ұсыным заңы бойынша тауар өндірушілер бағасы жоғары тауарларды көптеп сатқысы келеді, неге?
(себебі, тауар бағасы жоғарыласа, оны өндіру пайдалы)
6. Нарықтағы сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік бола ма?
(тепе-теңдік болады да, ол нарықтық бағаны көрсетеді, яғни осы кезде нарықта тауар сатылады)
III. Мағынаны тану
Жаңа сабақ түсіндіру:
Ақшаның пайда болуы туралы ортақ пікір жоқ. Ол үшін құнның дамуына көз салу керек.
Алғашқы қауымдық құрылыста бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты. Сол кезде ең бірінші еңбек бөлінісі пайда болды, ал ол өнімді бір-бірімен айырбастау үшін экономикалық негіз болды.
Тауардың айырбасталу кезінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады:
Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ болды:
Т ↔ Т;
1 қойға – 1 қап астық экв
Тауар өндірісінің ары қарай дамуында айырбасқа екі ғана емес бірнеше тауар қатынаса бастады.
Құнның кеңейтілген түрінің пайда болуымен қатар айырбаста қиындықтар туындайды.
Кейініректе жалпылама эквивалент рольді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара бастады, себебі оның өзіне тән ерекшелігі болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңыздысы олардың аз ғана бөліктеріне көп еңбек сіңірілетіндігі.
Ақшаны қалай түсінуге болады?
Ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол – жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар.
Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деп аталады.
Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Ақшаның бірнеше қасиеттері мен атқаратын қызметтері бар.
Ақшаның қасиеттері:
1. Тұрақтылық
2. Жинақылық
3. Көпке шыдауы
4. Біртектілігі
5. Бөлінгіштігі
6. Танымдылығы
Ақшаның атқаратын қызметі:
1. Құн өлшемі – ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады.
2. Айналым құралы – тауардың айырбасталуына нақты ақша ұсынылады, оны ақша белгілері атқарады.
3. Төлем құралы – бұл қызметті ақша төлем төлегенде атқарады (сату, салық, жер, пәтер төлемдері т.б.)
4. Қазына жинау, қорлану құралы – белгілі ақша резервтері пайда болады, бұл рольді толық бағалы ақша (алтын) орындайды.
5. Ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы – ол алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Ал, қазір біз тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан айналысқа енді?
(дұрыс жауапқа 100 а.б.)
ҚР-ның ұлттық валютасы—теңге 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді. Теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. 1993 ж. наурызында Англияда «Харрисон және ұлдары» атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.
Ал, жаңа үлгідегі теңгелер 2006 жылы 15 қарашада шығарылды.
Теңге—Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлері бойынша қабылданатын ұлттық валюта.
IY. Толғаныс
Жаңа сабақты бекіту:
1. Мына суреттердің ішінде қайсысы ертедегі «ақшаға» жатпайды?(100 а.б.)
2. Ситауциялық жағдай: ақшаның қызметтерін көрсет (бәрі дұрыс болса – 200 а.б.;2-уі дұрыс болса – 100 а.б.;1-уі дұрыс болса – 50 а.б.)
№
Ситуациялық жағдай
Ақшаның қызметі
1
Әсем 5000 теңге сыйлық алды да, оны тығып қойды.
2
Базарда оған ұнаған көйлек 5000 теңге тұрады
3
Әсем ақшасын алды да базардан көйлекті сатып алды
4
Әсем апасынан 1000 теңге қарыз алды да, оны қайтарып берді
Қорытынды, бағалау
Жинаған ақша бірліктері арқылы бағаланады.
Үйге тапсырма: «Ақша» сөзіне синквейн жазу
Өткізген: экономика пәнінің оқытушысы К.К.Каратаева
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 54.13 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |