Ашық оқу іс-әрекеті "Ұлттық аспаптар"
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жакенова Жумагуль Шукиргалиевна
|
«Балапан » тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткіздім.
Балаларға түсінікті, анық болу үшін слайд қолдандым.Онда қазақтың ұлттық аспаптарын көрсете отырып, (домбыра,шаңқобыз,қылқобыз,жетіген, сыбызғы, сазсырнай,асатаяқ)олардың мазмұнымен қолдану тәсілін түсіндірдім.
Соның ішінде домбыра аспабында ойналған Дина Нүрпейісова күйші апамыздың күйін бейне баянын көрсете отырып тыңдаттым.Сергіту сәтін орындап балалардың бойын жазып алып, «Артығын тап» ойынын ойнаттым.Онда балалар қазақтың ұлттық аспаптары арасынан өзге ұлт өкілі аспабын ажыратуын сұрадым.Балалар өзге аспапты тез тауып берді.Бүлдіршіндерге қазағымыздың ұлттық аспаптары туралы мағлұматты толықтай түсіндірдім.Алдағы уақытта балалардың аспаптарға деген қызығушылықтары нығайып, өз ынталарымен аспаптар туралы білуге құштарлықтары арта түседі деп ойлаймын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.98 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |