Ашық сабақ "2 санын қосу және азайту"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бактыбаева Мейрамгуль Еслямовна
|
1. Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1) 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:түсіндіру, ойын әдісі
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), жеке суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі бар?
- Жаңа жыл мерекесінде ортаға не құрамыз?
- Ендеше бүгін бізде ортаға жасыл шырша құрамыз
Шырша құрастыру арқылы, 10көлеміндегі сандарды қосу және азайту (Устный счет)
– Енді шыршаны безендірейік. Шыршаға ойыншықтар ілу. Ойыншықтардағы тапсырмалар тұрады, соны өздері орындап шығады.
7 + 1 =
9 – 1 =
10 – 3 =
8 + 1 =
2 + 5 =
5 – 4 =
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 36.88 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |