Ашық сабақ 5 сынып Жай бөлшектерді көбейту

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға жай бөлшекті көбейту амалын орындауды үйрете отырып, жай бөлшекті аралас санға, натурал санға көбейте білуге машықтандыру;

дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру;

тәрбиелік: оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: эстафеталық ойын.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Асtivstudio, үлестрмелі қағаздар, тірек-конспектілер, тест тапсырмалары.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II Өткенді қайталау

1.     Оқушылар тақтаға шығып, кезекпен жай бөлшек жазып, келесісі оқып, алымын, бөлімін атап, түрін (дұрыс,бұрыс) анықтайды.

2.     Келесі оқушы аралас сан жазып, оқиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бөлшекке айналдырады.

3.     тақтаға оқушы шығып бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады.

4.     Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әр түрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады.

5.     соңында екі аралас сан жазылып, олар тағы да қосылып, азайтылады.

III. Өз бетінше жұмыс

Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау нәтижесінде жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді. Оларға жекелеген тест тапсырмалары таратылып,5 минут ішінде орындап беру ұсынылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 44 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 168

Похожие материалы