Ашық сабақ 6 сынып "Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Пәні: Биология

Күні: 10.10.2014

Сыныбы: 6 «а»

Сабақтың тақырыбы:Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы.

Сабақтың мақсаты:Өсімдіктің өсімді мүшелерінің түрлерін атқаратын қызметін түсіндіру
Білімділігі:Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығының дамыту.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайттар, плакат, қосымша әдебиет.
Пән аралық байланыс: география, химия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Ә) Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

I. Ой қозғау

1.Тұқым дегеніміз не?

2.Тұқымның қызметі қандай қызмет атқарады?

3.Екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қалай аталады?

4.Қос жарнақты тұқымның құрылысы қандай?

5.Эндосперм дегеніміз не?

6.Дара жарнақты тұқымның құрылысын ата?

II Биологиялық диктант

Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар

5.Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтеді

Қалып қойған сөздер

Ашып шіриді,15 0 С та ,су,жылу, ауа.

III.Топтық тапсырма Постер қорғау

I топ

Қос жарнақты өсімдіктер

II топ

Дара жарнақты өсімдіктер

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тірек сызба

Мүше өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі.

Өсімдік мүшелері


Өсімді мүшесі Көбею мүшесі

Тамыр, сабақ, жапырақ,өркен, Гүл ,жеміс, тұқым
Тамыр – топырақ арқылы өсімдікті минералды тұздармен және сумен қамтамасыз ететін вегетативті мүше.
Тамырдың қызметі:
1.Су мен минералды тұздарды топырақтан алады.
2.Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
3.Қоректік заттар қорын жинайды.
4.Көбеюге қатысады.
Тамыр шығу тегіне қарай үшке бөлінеді.
1.Негізгі тамыр – ұрық тамыршасынан дамиды.
2.Жанама тамыр – тамырдың жан - жағынан таралады.
3.Қосалқы тамыр – сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Тамыр жүйесі:Кіндік тамыр және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы дамыған.Мысылы:асбұршақ,асқабақ,қауын,күнбағыс.Олар қосжарнақты өсімдіктерге тән.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады.Мысылы: пияз,бидай,жүгері,арпа,сұлы,тары,күріш,сарымсақ.
Даражарнақты өсімдіктерге тән.

Тамырдың ішкі құрылысы:

Тамыр оймақшасы ,бөліну,созылу,сору,өткізгіш деп бөлінеді.

Тамыр оймақшасы:тамыр бөліміне кірмейді,тамыр оймақшасы бөліну аймағының сыртын қаптап жатады.

Бөліну аймағы: атқаратын қызметіне қарай сыртқы,ортаңғы,ішкі,болып үш қабаттан тұрады.Сыртқы қабатындағы жасушалар мен оймақшасын түзеді,ортаңғы қабатынан алғашқы қабық,ішкі қабаттан ортаңғы цилиндр түзеді.

Өсу аймағы: ұзыннан созылып ұзарып,тамыр ұшының терең енуіне әсер етеді

Сору бөлімі : өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік.

Өткізу бөлімі: су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан жер үсті мүшелеріне өткізеді.

Бекіту сұрақтары:Кім жылдам

I топ

1.Тамыр дегеніміз не?

2.Тамыр қандай қызмет атқарады?

3.Тамыр шығу тегіне қарай неше топқа бөлінеді?

4.Тамыр бөлімдерін ата?

5.Тамырдың сору,өткізу аймағының қызметі қандай?

II топ

1.Жанама тамыр қандай қызмет атқарады?

2.Тамыр жүйесі неден тұрады?

3.Қосалқы тамыр қандай қызмет атқарады?

4.Тамыр оймақшасының қызметі қандай?

5.Тамырдың бөліну ,өсу аймағының қызметі қандай?

Мыйға шабуыл

Тамыр жүйесі

Берілген өсімдіктердің тұсындағы дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.

Тамыр жүйесі

Кіндік тамыр

Шашақ тамыр

Қауын,пияз,сәбіз,жүгері,асқабақ,күріш,күнбағыс,қамыс,асбұршақ,сұлы.

I топ Мылқау сурет Мына гүлді өсімдіктің мүшелерін тап?

II топ Мылқау сурет Мына суреттегі тамыр түрлерін ата?

Сабақты қортындылау

Сызықты диктант

1.Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқарады Тамыр

2.Өсімдіктің жер асты мүшесі Мүше

3.Өсімді мүшелеріне гүл,жеміс,тұқым

4.Көбею мүшелері пияз,бидай

5.Шығу тегіне қарай бөліну,созылу,сору

6.Тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды қосалқы тамыр

7.Кіндік тамырға тамыр,сабақ,жапырақ

8.Шашақ тамырға негізгі,жанама,қосалқы

9.Сабақ пенжапырақтан өсіп шығады негізгі тамыр

10. Тамыр бөлімдері Асқабақ,қауын

Оқушыны бағалау

Үйге тапсыра:Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы.

Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беру

И.Тайманов атындағы орта мектебі

Ашық сабақ


Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы

Сыныбы: 6 «а»

Пән мұғалімі: Қайрбулатова Г.Б

2014-2015 жылы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 158.49 Kb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 270

Похожие материалы