Ашық сабақ "Бұйрық рай" (7 сынып)
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Джумаева Мейрамгуль Рамазановна
|
Пән: Қазақ тілі
Сыныбы: 7»в» сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай
Сабақтың мақсаты: рай категориясы туралы оқушылардың білімін жетілдіру, бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты: шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Д амытушылық мақсаты: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой- өрісін, сауатты жазу қаблетін дамыту.
С абақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту
Сабақтың әдісі: Салыстыру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
Ашық рай дегеніміз не?
Киіз үй төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.
Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярландық.Назира мен Назерке мектепке ерте бармақ. Берілген сөйлемдегі етістіктер қай шақта берілген?
Жаңа сабақ. (15 мин)
Бұйрық рай іс-әрекеттің көбіне тыңдаушыға не болмаса бөгде біреуге бағытталып, орындалуын талап ету мағынасында айтылады.Яғни, талап ету, бұйыру мағынасы осы ІІ, III жақтарда анық байқалып тұрады да, ал I жаққа бағытталғанда, ол көбінесе ниет ету мағынасында келеді. Мысалы: Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен, Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Бұйрық райдың ерекшеліктері:
Бұйрық рай жұрнақ арқылы жасалмай, етістік түбірлерінің ерекше жіктелуі арқылы, жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Етістік негізгі, туынды, болымды, болымсыз етістік тұлғаларына жалғана береді.
Бұйрық райдың II жақ анайы түрінің қосымшасы болмай, сырттай ғана тұлғасы жағынан етістік негізгі, туынды, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес ұқсас келеді.
Ал,ІІ жақтың анайы көпше түрінде –ың, -ің, -ң жалғауының үстіне –дар, -дер көптік жалғауы үстеледі.
Бұйрық райдың ІІ жақ сыпайы түрі етістік түбіріне –ңыз,-ңіз,-ыңыз,- іңіз жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Бұйрық райдың III жағы етістік түбіріне - сын,- сін жалғауы жалғану арқылы жасалады.Бұйрық райдың I жағы етістік түбіріне –айын,-ейін,йын,- йін, көпше түріне - айық,-ейік, -йық,-йік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.
Етістіктің бұйрық рай түріне кейде -шы, -ші жұрнағы жалғану арқылы да жұмсалады.
Мысалы: Мен алайын- алайыншы
Сен ал- алшы
Сіз алыңыз- алыңызшы
Ол алсын-алсыншы
Жаңа тақырыпқа байланысты мен сендерге мынадай тапсырма беремін.Ал, енді, балалар:
талап- тілекті көп жазған Абай ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер?
Абайдың « Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқылады.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын тапппай баптанба,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Осы өлеңнен бұйрық мәнді етістіктерді тауамыз.
Күміс көлдің жағасына келді. Сәрсен аңшыларға тап болды. Осы сөйлемді бұйрық райлы етістікке айналдыру.
151- жаттығу. (15 мин)
Бұйрық райлы етістіктерді тауып, қай жақта айтылғанына назар аударамыз.
Айтпа-II жақ жекеше
Артпа-II жақ жекеше
Көрсет- II жақ жекеше
Болсын-III жақ жекеше
Жақ-II жақ жекеше
Қорықпа-II жақ жекеше
Үйрен-II жақ жекеше
Жирен-II жақ жекеше
152- жаттығу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.2 Kb |
Количество скачиваний: | 42 |