Ашық сабақ: "Қолмен кілем тоқу өнерін дамыту"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Сенгалиева Марина Абдигалиевна
|
Ашық сабақ: «Қолмен кілем тоқу өнерін дамыту»
Жоспар
I Теориялық бөлім:
1. Кілем тоқу өнері
2.Қолдан тоқылған кілем
3.Машинамен тоқылатын кілемдер
II Практикалық бөлім:
1.Кілем тоқу
III Қорытынды
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
-Қазақстанда жасалған өнімдерді
әлемдік брендке айналдыру.
-2020 жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жұмыссыз отырған адамдарды жұмыспен қамту.
-Қолөнер саласын соның ішінде кілемді қолмен тоқу тәсілдерін меңгерту үшін арнайы курстарда оқыту.
Кілем (Ковер) — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм-ден 18 мм-ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т.б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою-өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады.
Қорытынды:
Біле білгенге, кілем өнер саласы – табысты еселей түсетін сала. Осыны ескергендіктен көптеген елдер қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр. Әсіресе өзіндік кілем тоқу өнеріне Германия, Норвегия, Израил сынды елдер бүгінде қазақтың төл туындыларына қызығушылық танытуда. Сондықтан біздің қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек. Мемлекет бұл жағынан оларды қолдауы тиіс. Бұл ретте бізде қолөнермен айналысатын фабрикалар қайта құрылуы керек. – Біздегі қолөнер түрін сөз еткенде, шикізатқа зәрулікті қозғауды да ұмытпаған жөн. Шикізатты дайын өнімге дейін өндіру жайы жетілмей, бұл өндірісте өзіндік биіктікті бағындыру қиын. Сондықтан шикізат зәрулігін жою үшін болашақта мемлекеттің қолдауымен ауыл-аудан көлемінде шағын курстар жасақтау қажет. Бұдан соң сол шағын курстар арқылы көлемді фабрикалар құруымыз керек. Ал қазір санаулы ғана шеберлердің басын қосып, олардың арнайы шеберлер одағын құру арқылы мәселе шешілмейді. Егер біз бұл салада шеберлерге анық қолдау білдіргіміз келсе олар үкіметтік қолдауды сезінгені жөн. Сонда ғана қазақтың төл туындылары әлемдік деңгейде брендке ие болады. Біздің туындыларымыз қазірдің өзінде жоғары брендке ие. Ал оны әрі қарай өрбітіп, жетілдіріп, шеберлердің жұмыс істеуіне жағдай жасалуы керек…
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 27.81 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |