Ашық сабақ. "Ы.Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Алтынсарин « Дүние қалай етсең табылады?»

Мақсаты: Білімділік: Ы.Алтынсарин әңгімесімен оқушыларды таныстыру, әңгіменің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: оқушылардың ізденіс, іс-әрекетін қалыптастыру. Ойлау, қялдау, елестетту қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: еңбексқйгіштікке, ыждағаттылыққа, бос жүрмеулікке, әдептілікке, қанағаттылықа жомарттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі :Ы.Алтынсарин портреті , мәтінге байланысты суреттер, слайд ,

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі :

2.Үй тапсырмасын сұрау .

3 Жаңа сабақ өтіу .

2. Үй тапсырмасын сұрау .Ы .Алтынсарин нің «Өзен» өлеңі .Үй тапсырмасын үлестірмелі карточкалар арқылы сұраймын .1.Өлеңнің табиғаттағы ,адам өміріндегі атқарар жүгін қалай көрсеткен ? 2 .Өлеңнің бірінші шумағында өзеннің және екінші шумағының соңғы екі жолында тоғайдың қандай сөздермен қалай суреттелгеніне назар аудару ? 3. Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестерін қолданған . 4. Өзің көрген, байқаған , шомылған , өзенді, көлді өз сөзіңмен әңгімелеп беріңдер ? 5.Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңдар ? Үй тапсырмасын пысықтау .

1.Ы . Алтынсарин қашан дүниеге келген ?

2 .Ы .Алтынсариннің «Өзен» өлеңі лириканың қай түріне жатады ?

3. Өлеңді жатқа айту .

4 Ы .Алтынсариннің «Өзен» өлеңінен басқа және қай ақынның табиғат лирикасын білесіңдер ?

Жаңа сабақ .Дүние қалай етсең табылады .Әңгімеде Француз жұртының бір білімді адамы жазады деп бастайды ақын. 1791 жылда ,өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде әр жеті саиын Версель қаласындағы шешеме жаяу барып тұрушы едім . Әрдаиым жолымда Антон деген тіленші қайыр сұрап алып жүруші еді . Бір күні тағы сол жолмен келе жатып , бір орта бойлы арықтау кісімен бірге келе жатқанымызда , Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады . Қасымдаңһғы кісі тоқтап , Антонға айтты ;-Сен қарауға еп –есті кісі секілді кқрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді .Сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің . Бай боғың келсе мен саған айтайын : мен де сендей кедей едім , бірақ тіленшілік қылғаным жоқ . деп өзі жасаған еңбегін айтып береді . Антон бұл сөзді есіткен соң терең ойға қалып тұрып қалады . 1815 жылы Брюсель қаласында кітап дүкенге кірсем приказчиктерге бұйырып тұрған кісі сіз байағы жігіт емессізба деді . Мен Антонбысың дедім . Қасыңдағы кісінің айтқандары көңіліме кіріп тіленшілікті тастап , жұмысқа кірдім . Ісім нық , малыма күтімді болдым .Мінеки осы зор дүкеннің иесі болдым .

Сұрақ –жауап .

1.Әңгіменің мазмұнын айтың ?

2 .Еңбек етуден ерінген адам кедей болатынын ,қайыр сұраудан арланбайтынын байқадыңдар ма ?

3 . Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті ?Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды ?

..Еңбек туралы мақал – мәтелдер айтамыз .

1.Еңбек түбі –береке .

2.Бейнет түбі – зейнет .

3. Ердің атын еңбек шығарар .

4. Еңбек етсең -емерсің .

Рефлексия . –Балалар бүгін біз қандай әңгімемен таныстық ?Әңгіме сендер ойлағандай аяқталды ма? Сендер ертең ер жетіп үлкен азамат боласыңдар . Сендер туған елдеріңе қандай еңбек сіңірер едіңдер ? Қандай арман тілектерің бар ?Осы арман тілектеріңді «Алтын балықтың « арқасына жазып , мұхитқа жіберейік . Бағалау .Үйге ; Дүнйе қалай етсең табылады ?
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 5.81 Mb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 276

Похожие материалы