Ашық сабақтың тақырыбы: А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: А. Жұбановтың «Ақ көгершін» әні 

Сабақтың мақсаты: Білімділік: А. Жұбановтың  өмірі мен  әндерінің байланысын ашу. А. Жұбанов   туралы деректерді  кеңірек түсініп,  ұғынуға дағдыландыру. «Ақ көгершін» әнін тыңдату арқылы оқушылардың  ой – қиялының  ұшқырлығын дамыту.      

Тәрбиелік: Музыка және бейнелеу өнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай жеке тұлға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Домбырада ән-күй ойнаудағы шеберліктерін шыңдау, қазақтың  ою -  өрнегі «Орта табақ» нақышына келтіріп,әдемі салуды үйрену.

Сабақ түрі: Кірістірілген сабақ

Көрнекілік: Домбыра аспабы, ән таспа, беинеслайд, көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

                                   II. Үй тапсырмасын тексеру.

                                   III. Ою- өрнек қию

                                   VI. Домбырада  «Жар-жар» әнін үйрену

I. Сәлемдесу (әнмен) .Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру ( бейнеслайд). Бүгінгі   сабағымызда Ахмет Жұбанов туралы оқыған білгенімізді есімізге түсіріп алдын ала дайындаған тест сұрақтарына жауап берейік.

II. Тест

1.А. Жұбанов қай жылы дүниеге келді? 

   А)  1925  Б) 1906*  С)  1931

 2.Құрманғазы оркестірін құрған  және  көркемдік жетекшісі кім?

  А)  Н.Тілендиев  Б) А.Жұбанов*  С) Ш. Қалдаяқов

 3. А. Жұбановтың әні:

    А) «Еркем-ай»   Б) «Ақ көгершін»*  С)  «Сәулем-ай»

 4. Оркестрді кім басқарады?

    А)  Дирижер*  Б) Композитор   С) Концертмейстер

 5.  Ерте жаста қандай аспапта ойнауды үйренді?

    А)  жетіген    Б) скрипка*  С) қобыз

А. Жұбанов Қазақстандағы кәсіби  музыканың ірге тасын қалаушылардың бірі.

Ал,балалар, Ахмет атамыздың құстарға арнап шығарған қандай шығармаларын білесіңдер? Оқушылар жауабы: «Ақ көгершін», «Қарлығаш».

Қазақ халқы аққуды аялап, қастерлейді. Аққу – ең сұлу құстардың бірі.

Аққуды атпаған, етін жемеген. Ал Европалықтар үшін  ақ көгершін хабар әкелетін жаршы құс. Адамдар қасиетті құс санаған. Европалықтар үшін  Ақ көгершін адалдықтың, тазалықтың, беибіт өмірдің белгісі. А. Жұбанов  Европалық үлгіде ең алғаш қазақ әндерін жазған. Сондай әнінің бірі «Ақ Көгершін» (әнді таспада тыңдап  әннің әуенін, ырғағын ажыратады).

III. Тақтаға салынған ою- өрнекті  түрлі - түсті қағазға салып қию «Орта табақ» 

(түрлі – түсті қағаз, қайшы) 

Сергіту сәті :  Қолымызды билетіп, қошқар мүйіз жасайық,

    Енді сәл – сәл сілкіллеп ,шапалақтап соғайық.

                         Домбыраны қолға алып әдемілеп ойнайық,

                         Көтерінкі көңілмен, ән мен жырға салайық.(Еркем-ай әніне)

VI. Домбырада «Жар – жар» әні

        «Салкүрең» халық күйі, «Сәулем-ай» халық әні

Қорытынды.

Балалар,біз бүгін сабағымызда А. Жұбанов әлеміне саяхат жасадық .Қандай

әсер алдыңдар?(Оқушылар жауабы)

Үй тапсырма:

А. Жұбановтың  әнін жаттау, домбырада «Жар-жар» әнін ойнап келу.

                        

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.07 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 156

Похожие материалы