Ашық тәрбие сағаты "әліппе әлемі"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жолаева Айгуль Абдымолдаевна
|
Әліппе әлемі – әріптермен әдемі!атты әліппемен қоштасу кешінің сценарийі
Мақсаты:1-сынып оқушыларының Сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдері мен осы уақытқа дейінгі үйренген білім, білік дағдыларын саралай отырып, оқушылардың білімдерін тиянақтау, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.Ата-аналарына көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқару мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:1. «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» тақырыбын жазып қою.
Б А Р Ы С Ы :-Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін бізде үлкен қуаныш. Әліппені бітіру- алдағы білім нәрімен сусындауға қадам басудың алғашқы баспалдағы. Алдағы өмір жолдарыңызға сәттілік тілей отырып , біздің 1 «ә» сынып оқушыларының «Әліппе әлемі- әріптермен әдемі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер демекпіз!
-Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті,
Құтты болсын тойлары балалардың!
2. «Бала деген шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде
Балдай тәтті тілімен алдайды екен!» деген Кенен Әзірбаевтың өлеңі.
Барлығы хормен:1. -Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз,
Қонақтарды құрметтеп ,
Бас иеміз Біз! (барлығы қолдарын кеудеге қойып ізетпен бас иіп көпшілікпен амандасады)
2.Здравствуйте, гости!
3.хау а ю…
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 57.56 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |