Ашық тәрбие сағаты «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын»
Предмет:
Классному руководителю
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Здесь была ссылка на работу Ашық тәрбие сағаты «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» автора Самбаева Турсынай Байдаулетовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» Құрметті оқушылар. Еліміз Тәуелсіздік алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін, заман талабына сай, өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да толық жетеміз деп сенеміз. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні еш уақытта да бұзылмасын. (Әнұран орындалады.) 1986 жылы желтоқсанда Кеңестер Одағының саясатына ең алғаш қазақ жастары қарсы шықты. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова сынды боздақтар тәуелсіздік жолында жанын қиды. 1-оқушы. Желтоқсанның құрбандарын мәңгілік, Жадымызда сақтаймыз біз жандырып. Ләззат, Қайрат есімдерін ән қылып, Елімізде қалдырамыз мәңгі қып. 2-оқушы. Тәуелсіздік туын тігу үшін өздерінің қызғалдақтай құлпырғанжас өмірлерін қиып кеткен Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбиралардың есімдерін мәңгі ұмытпауға уәде беремін. 3-оқушы. Желтоқсанда жанын жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков 1987 жылы 16-маусымда Қазақстан жоғарғы сотының үкімімен ату жазасына кесілді. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Бізге бұны ешкім аяп бермеді. Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. (1 минут үнсіздік.) Ал ендеше оқушылар Желтоқсан желі атты видеоклипке назар аударайық. Сол бір қахарлы Желтоқсан күндерінен бері талай жыл өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде көптеген айтулы өзгерістер болды. 4-оқушы. 1990 жылы 25-қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды. 5-оқушы. 1991 жылы 2-қазанда Алаштың ақберені Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 6-оқушы. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 7-оқушы. 1992 жылы 2-наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 8-оқушы. 1992 жылы 8-мамырда Республика Ұланы құрылды. 9-оқушы. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәмізі қабылданды. 10-оқушы. 1997 жылы Ұлттық татулықпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 11-оқушы. 1998 жылы 20-мамырда Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып жарияланды. Ендеше оқушылар алдымызда турған буклетке бір сәт назар аударайық. Халықтың әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер деген даналық пікірін алсақ. Ата-бабаның асқар таудай ақылында, өз өмірінде өткен өнегелі істері-елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүру, еліне елеулі, қалқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиет ұрпақтан-ұрпаққа дарыса деген асыл арман екен. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар бейнесіне қарасақ, өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге ержүрек болып, жауына қатал, досына адал болып, садақ ұстап, қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да, намысын таптатпай, еңселерін биік ұстады. Тәуелсіздік –халықтың үні,ұлттың тілі мен ділі.Тәуелсіздік-халықтың тойы, елдің тойы. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны біз үшін шексіз, қуаныш. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Мұстафа Ататүрік айтқандай, Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы. Өздеріңдей өр намысты, жас өркени бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік таңы туды. Бұл күн Қазақстан тарихында ерекше аталып өтетін күн. Мәңгілік есімізде сақталатын күн.