Қашықтықтан оқытудың орта мектептерде оқытудың маңызы
Предмет:
Информатика
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Тастанбеков Өркен Әзімханұлы
Здесь была ссылка на работу Қашықтықтан оқытудың орта мектептерде оқытудың маңызы автора Тастанбеков Өркен Әзімханұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту – қазіргі таңдағы үлкен прблемалдардың бірі болып саналады. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыруда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласының қойылатын талаптар: · білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену; · білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану; · электрондық оқулықтар жасау, мультимедиялық технологияларды пайдалану; · телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. Оқыту үрдісінде мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлік техниканы пайдаланудың локальді және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар және т.б. оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым қатынасы үшін бірден бір мүмкіндікті бүкіләлемдік компьютерлік интернет жүйесі береді. Сондықтанда оқу тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда мұғалім жұмысы мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы керек: - әдістемелік-пәндік Web–сайттар ашу, компьютерлік желілерді пайдалану; - қашықтан оқыту мүмкіндігін пайдаланып өздігінен қосымша білім алу.