«Ата- ана және қоғамдық жұмыс»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
 «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің   халықтың міндеті»    (Н.Ә.Назарбаев) І.Кіріспе бөлім “Қазақстан  2030“ даму  стратегиясын жүзеге асыру мақсатында      Елбасының  Қазақстан  халқына  жолдаған жолдауында   “Дағдарыстар  өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт  мұраты, ұрпақ  болашағы  сияқты  құндылықтар  мәңгі  қалады” делінген. Сондықтан  да, ғасырлар  қойнауынан сараланып, ұмыт қалмай, бабаларымыздың  тұрмыс  тәжірбиелерінің жиынтығы болып табылатын ұлттық тәрбиені  жас  ұрпақ  бойына  өміршең  құндылықтарымызды  қалыптастыру біздің міндетіміз. Шыр етіп сәби  дүниеге келген сәттен бастап, ата-ана алдында нәзік те қиын, қыры-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Тәрбие отбасынан  басталады.   Ата–ананың бас қуанышы – бала. Ата –ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Қазіргі  кезде   балаларға   білім  мен  тәрбие  беру  орындарында  осы мақсатта  заман  талаптарына  сай  жалпы  тәрбие  жүйесі  ұлттық  рухани үрдістің  негізінде  құрылып,  жұмыстар  атқарылуда. Тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана мектеп пен отбасы өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.   Ата-аналар баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуының физиологиялық, психикалық, адамгершілік саулығының  негіздерін қалайды, баланың барлық әрекет түрлеріндегі жетістіктер талабының бағдарламасын құрады.  ІІ.Негізгі бөлім «Қанша заман өтсе де бабаларымыздың мол тәжірибесіне, ғылымы мен дәстүрлеріне және отбасы тәрбиесінің негіздеріне сүйене отырып, әке  мен ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлвқ жасаған»       - дейді                   көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Р.М.Қоянбаев.     (Ромсеит Мұхтанұлы) Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келеді, бұл шағын әлеуметті топ – бала үшін алғашқы өмір мектебі.  Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жықсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата –ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының  көз алдында өтеді. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы, туған ұясы,  өз үйіндегі ата-ана тәрбиесі, өнегесі.  Қоғамдық тәрбиенің жетекші ролі жағдайында қоғам мен отбасы тәрбиесінің бірлігі аса маңызды мемлекеттік құжаттарда тұжырымдалған тәрбие жұмысының басты қағидаларының бірі болып табылады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 103 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 147

Похожие материалы