Туған қалам

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
  Тақырыбы:    Туған қалам.   Мақсаты: 1.Оқушыларға өзінің туған өлкесі – Семей  қаласы туралы оның тарих жайлы түсінік қалыптастыру.  2.Алған білімдерін толықтыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. 3.Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, туған қаласын құрметтеуге тәрбиелеу.Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.- деген дана халқымыз. Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Сендердің туған жерлерін қай жер? Енді балалар, осы Семей қаласының тарихына үңілейік .1-оқушы: Семей - Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан қала, темір жол, әуе және автомобиль жолдарының ірі торабы. 1939 жылы 110 мың, 1959 жылы 156 мың, 1970 жылы 236 мың, 1975 жылы 217 мың адам болған.  Қаланың XVI- XVIІ ғасырлардағы ежелгі аты - Доржынкит, археологиялық зерттеулерге қарағанда қазіргі Семейдің тұрған жері ерте заманнан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Олардың ең ескісі қола дәуіріне жатады.  Одан кейінгі дәуірлерде бұл арада ежелгі ғұндар, Түрік қағандағы, қыпшақ, керей, найман ұлыстары тіршілік еткендігі байқалады.    2- оқушы: Доржынкит қазіргі Семей қаласы тұрған жерден сәл жоғары, Ертістің оң жағасына, дөңестің үстіне орналасқан. Ертістің ұзын бойында,Оған таяу жерлерде мұндай қалалар көп болған: Абылайкит, Қола – Балғасын(Қолбасын) , Тұзқала, Қарақала т.б. Қыстақ  қалалардың сарайлары патша үкіметінің ресми құжаттарында «тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі, профессор Г.Л.Миллер бұл туралы 1616 жылы жазылған бір ресми хатты Тюмен қаласының архивінен тапқан. Осы дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары тұрғызылған болуы керек.    3-оқушы: Петр І тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменные палаты» , «Семь палат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған. Сол уақытта Ертіс бойын қоныстанған құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда, бұл сарайларды Асма тархан Доржи деген кісі тұрғызған, сондықтан қаланың ата «Доржынкит» немесе «Доржикит» аталған. 1653 жылы Қытайдағы Ресей елшісі Ф.Н.Байков «Жеті шатырды салған бұхарлықтар екен» деп жазады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 260.66 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 144

Похожие материалы