Ата-ана

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Ата- ана. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Сабақтың мақсаты: А) білімділік: отбасы қарым-қатынастары жайлы білім беру, қазақ тілі саласынан сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы білімдерін  толықтыру; Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын пайдаланып, тиянақты нақты жауап беруге,өз ойын толық жеткізе білуге,алған білімдерін қолдануға  баулу. Б) тәрбиелік : оқушыларды өз туыстарын , жақындарын  құрметтеуге  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білім меңгерту  сабағы Көрнекілігі: тапсырмалар,  кесте, мәтін Пәнаралық байланыс: психология, әдеп   Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, тапсырмалар орындау, өздігінен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: * Сабаққа деген дайындықтарын тексеру. * Оқушылармен амандасып түгендеу, кезекшімен сұхбаттасу 2. Үй жұмысын тексеру: «Отбасы» - әңгімелеу Сөздік қорларын тексеру (мәтіндерге байланысты) 3. Білімдерін жан-жақты тексеру: Ережені еске түсіру мысалдар келтіру 4. Жаңа білімді меңгертуге дайындау. Сабақтың тақырыбын,  мақсатын  түсіндіру: **      Мәтіннің ішінен сөз тіркестерді, таныс сөздерді аудару Жаңа сөздерді көшіріп жазу, аудару Сөздік : нағашы -  родственник , по материнский линии, ержету – возмужать ; зрелость бейнет шегу – измученный , еңбеккер – трудолюбивый, елеулі – достойный  внимания. · Мәтінді кезкетеп оқып,аудару /// сұрақтар құрастырып, диалог құру(мәтін бойынша) Әрбір  баланың  туған  анасы, туған әкесі болады. Сенің әкең де – сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің  анаң да – нағашы  атаң мен нағашы  әжеңнің қызы. Әрбір ана мен әке : «Балам  жақсы  адам  болып  өссе  екен» деп  тілейді, асырайды , бағып – қағады, аялап өсіреді. Ата – анаң  сен  үшін  де , туған елі үшін де құлшына еңбек етеді , терін төгеді , бейнет шегеді. Ата –анаң – сенің әке – шешең ғана емес , екеуі де еңбеккер , өз істерінің  шебері , елдің елеулі  азаматтары. Ата – анаңды мақтан  тұт! Ата – анаңның тілін ал , ақыл – кеңесіне құлақ тос, айтқанын  орында. Әсіресе қартайған шағында қас қабағыңа қара, кейітпе , қуант , денсаулығын сақта, ұдайы көмектес. «Кәріге құрмет – балаға міндет» , «Өзің үлкенді сыйламасаң , өзіңнен кіші сені де сыйламайды» дейді қазақ мақалдары. БИНГО ойыны: (ойын арқылы өтілген сөздерді активті сөздік қорына айналдыру) Нағашы Ержету еңбекқор Елеулі Жақсы көру Көмектесу туыс Араласу Шебер Құлақ тосу сыйлау Құлшыну Тату тәтті сағыну ерекше мейірбан Интерактивті тақта арқылы «Ана жүрегі» атты бейнекөріністі көріп, ол бойынша өз ойларын айту.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.46 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 113

Похожие материалы