Здесь была ссылка на работу «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі» автора Токтажанова Айгул Кумарбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ата-ананың мектептегі алатын орны Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 1. Сынып жетекшінің атқаратын міндеті 2. Ата-ананың атқаратын міндеті 3. Бірлесіп жасалатын жұмыс, күтілетін нәтиже Сынып жетекшінің міндеті: 1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу; 2. Оқушыларды, ата-аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс-шараларына тарту; 3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан-жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту; 4. Тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу; 5. Ата-аналар комитетімен кездесу; 6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету; 7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс; 8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау. Ата-ананың міндеті: 1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы; 2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету; 3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу; 4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу; 5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету; 6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;