Ата-аналармен жұмыс: "Ақ әжелер байқауы"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кожахметова Айнаш Тулеумуратовна
|
«Ақ әжелер байқауы»
Әже – немере, шөбере сүйіп, солардың бал күлкісіне, шатты-ғына кенеліп отырған жан. Халқымыз дүниеге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қанаттандырған асыл ананың өмірлік тәжірибесі де мол әрі ағайын-туыстың бірлігін, бір-біріне деген қамқорлығын сақтаушы ретінде оларға құрметпен қараған. Бүгінде әжелеріміз ұлттық дәстүрді ұстанумен, өз міндетін қалтқысыз атқарумен қатар заманның талабы мен сұранысына қарай да жаңашалануда, түрленуде. Бұған Алакөл ауданындағы № 1 «Арай» балабақшасында өткен топаралық «Дәстүрімнің бал қаймағы - әжелер» атты байқауында көзіміз тағы бір мәрте жете түсті.
Немересінің тобының намысын арқалай шыққан әжелеріміз алты айналым бойынша сынға түсті. Бірінші кезекте өзін-өзі жан-жақты таныстырып өтті. Екіншіде өнер сайыстырды. Қалида әже кішкентай Ерасылына арнаған тартуына қоса, домбыраның құлағын келтіріп жіберіп, «Келіншек» күйін тартты. Талай жылдар бойы оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаз осы байқау барысында тағы бір қырымен таныла түскендей. Ал Марияш әжеміз әр төлдің баласын сүюі туралы тақпақ оқып: «Адам сүйеді баласын балым деп, Баламнан шыққан немерем жаным деп»,- өз жанынан толықтырып жіберді. Бір қызығы, бұл жыр шумақтарын ол бұдан 45 жыл бұрын бастауыш сыныпта оқыған кезінде жаттаған екен. Ғалия әжеміз «Тамаша той думанмен таң атырса» деп шырқаса, Назигүл әже немересімен бірге ән салды. Фая әжеміз өзінше түрлендіріп, «Дастархан» әнін орындағанда немересінің қос тәрбиешісі мың бұрала би биледі. Нұрсәуле әжеміз де немересімен бірігіп, «Киіз басу» биін орындап шықты.
Ұлттық ас әзірлеуде, әрине, байқауға қатысушылар бірінен –бірі асып түсті. Қонақжай халқымыздың бір кездегі ерке қызы, кешегіде анасы, бүгінгіде әжесі болған асыл жандардың дайындаған тағамдары тіл үйірді. Олар қуырдақтың, еттің, бауырсақтың, сүт тағамдарының, наурыз көженің, сірненің әзірлену технологиясы, мейманға ұсынылуы жайында кеңінен мәлімет берді. Марияш әжеміз шебер ет жасаушының семіз жылқыдан 75 табақ ет шығаратындығын айтып, қонақтарды таңғалдырды. Қолөнер бұйымдарын топтастыруда Ғалия әжемізге тең келері болмады.
Келесі айналымда Қалида әжеміз «Ашамайға мінгізу», Марияш пен Назигүл әжелеріміз «Тұсау кесу», Ғалия әжеміз «Құйрық - бауыр асату», Фая әжеміз «Бесікке салу», Нұрсәуле әжеміз «Нәрестені қырқынан шығару» сынды салт-дәстүрлерімізді көрсетіп, мағынасы мен мәніне тоқталып, еліміз әрдайым
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 35 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |