Ата – әке –бала.Эссе дегеніміз не? (6 Сынып)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кельдибаева Багиткуль Аманжоловна
|
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша түсінік беру, эссе жазуға үйрету.
2. Оқушылардың ой – өрісін дамытып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, ата – аналарын тыңдауға тәрбилеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Менің аты – жөнім- Жұмагүл Тоқышқызы.Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай? Бүгін аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Қазір дәптерлердің сырттарын толтырамыз.
II. Сөздік жұмысы.
5 б. сөздерді көшіріп аламыз. Сөздерді оқып, аударып, қазақ тіліне тән дыбыстарға тоқтаймыз.
III. Мәтінмен жұмыс істеу.
5 б. оқып, аударамыз.Мұндай сұрақтарға жауап береміз.
- Бұл мәтінде кім туралы айтылған?
- Бұл мәтінде қазақ отбасы туралы айтылған.
- Қазақ отбасы неше ұрпақтан тұрады?
- Олар кімдер?
- Олар – ата мен әже, әке мен ана, бала.
IV. Жаңа тақырып.
Эссе дегеніміз не?
6 б. оқып , аудару.
V. Бекіту кезеңі.
7 б. Сұрақтарға жауап беріп эссе жазғызу.
6 б. Кесте бойынша отбасы мүшелерінің сәйкес келетін сипаттарын тауып айтыңдар. (ауызша)
Ата мен әже - отбасының ең құрметті адамдары. Ата мен әжелер немерлеріне ертегі, қызық әңгіме, әртүрлі жырлар айтып береді. Ата мен әжелер отбасының бірінші ақылшысы деп есептеледі.
Әке – отбасының басшысы, асыраушысы қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді.
Ана –отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасының сыйластығын орнатады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларына үлгі көрсетеді. Ана - отбасындағы татулық ұйытқысы.
Бала – отбасының ең үлкен байлығы. Ата – анасын сыйлап өскен бала өзгелерді құрметтеуге үйренеді.Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады.
VI. Қорытынды.
Балалар сабақта не туралы білдік? Сабақтың тақырыбы не болды?
VII. Үй тапсырмасы.
5 б. мәтіннің мазмұнын айтып келу, сөздерді жаттап келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.27 Kb |
Количество скачиваний: | 61 |