«Ата салтым - асыл қазынам»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру.

Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.

1- жүргізуші:

Уа, ағайын, ұмытпа ата дәстүрін,

Баста әркез жақсы өнеге, жақсы ырым.

Қамқорлай жүр, тіл дініңді, салтымды

Жоғары ұста өз ұлтыңның асылын.

II- жүргізуші.

Қарсы тұрғын қылығына жаманның,

Оң іс баста ақта сүтін анаңның

Ғылым үйрен, сәтті болар қадамың,

Шымда қыран елдік, ұлттық сананың

Арын ойла атаң, анаң, бабаңның,

Бірлік сақта жеткенімше шамаңның

Сөзін жатта, ұғын терең данаңның,

Ұлы болған мынау байтақ далаңның.

I-жүргізуші. Жақсы ұрпақтың санасында туған халқына деген құрметтеуді, сүйіспеншілікті, ана тілін, дінін, тарихын, рухани- мәдени мұраларын құрметтеуге арналған қасиетті қара шаңырағымыз Д. Байбосынов атындағы мектеп гимназиясында өткелі тұрған «Ата салтым, асыл қазынам» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер.

Оқушы :

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 67.5 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 180

Похожие материалы