Атажұрт тарихи танымдық ойыны

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

"Описание материала:

Ата жұрт тарихи танымдық ойыны

Оқушылардың өз еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қорғауға, жақсы көруге тәрбиелеу, салт-дәстүрін құрметтеу сезімін дамыту. Тақтаға 42әріп жазылған плакат ілінеді.

Әр топ жеребе бойынша ретін біліп әріп таңдайды, әр әріпте жауабы сол әріптен басталатын жалпы сұрақтар жасырылған. Әр сұрақ 10 ұпаймен есептеледі. Егер таңдаған сұрағын таба алмаса, реті бойынша келесі топқа беріледі. Бұл турымызда 9 ұяшықта тарих әлеміндегі ұлы адамдардың айтқан нақыл сөздері жасырылған.

Алдыңғы турымыздан ұпайы жоғары топ , ұяшық номерін бірінші таңдайды. Әр сұраққа 100ұпай беріледі таба алмаған топтың сұрағы келесі ұпайы жоғары топқа беріледі. Ұяшық нөмері сұрақтың жеңіл ауырлығына қатысы жоқ. Ойлануға 1минут

"Выдержка из материала:

«Атажұрт» тарихи танымдық ойыны

Мұғалім аты-жөні: М.А.ЖақсылықовМекен жайы: Қызылорда облысы,Қазалы ауданы Шәкен ауылы

Мектебі: №134орта мектебі Пәні Қазақстан тарихыҚатысушы сыныптар: 9-11кл

Мақсаты: Оқушылардың өз еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қорғауға, жақсы көруге тәрбиелеу, салт-дәстүрін құрметтеу сезімін дамыту.

«Атажұрт» ойының барысы:

1. Ұйымдастыру 

2. 9-10сынып оқушыларынан құралған 3топ құрылады

І тур Әр топ өздерін таныстыру

ІІ тур «Әріптер сыр шертеді» 

Тақтаға 42әріп жазылған плакат ілінеді. Әр топ жеребе бойынша ретін біліп әріп таңдайды, әр әріпте жауабы сол әріптен басталатын жалпы сұрақтар жасырылған. Әр сұрақ 10 ұпаймен есептеледі. Егер таңдаған сұрағын таба алмаса, реті бойынша келесі топқа беріледі. 
А- Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (Археолог)

Ә- 1771жылы қай хан қайтыс болған соң Абылай хан сайланды? (Әбілмәмбет)Б- Исатай Тайманұлын старшын етіп тағайындаған кім? (Бөкейхан)В-Ежелгі мемлекеттердің бірі? (Вавилон)Г- 1812жылы Башқұрт полкі құрамында шайқасқан Нарынбай Жанжігітұлы ерлігі үшін қандай орденмен марапатталды? (Георгий)

Ғ- Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар» деген өлеңінде түркілердің арғы атасы кім деп тұжырымдады. (Ғұндар)

Д-Кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткен ақтар атаманы (Дутов)Е- Түркістан қай ханның астанасы болды. (Есім хан)Е- ҚР туының авторы (Ш. Ниязбеков)Ж-1742ж қазан айында патша үкіметі қай өзеннің бойына мал жаюға тиым салды?(Жайық)З-Будда дінінің қамиетті кітабы (Трипитака)И- кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды техдету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім? (Игелстром)Й- ҚР қай жылы БҰҰ-на мүше болды? (1992ж 2наурыз)

К-Қырғыз манаптарымен болған шайқаста қаза тапқан қазақ ханы? (Кенесары)Қ-Ж. Баласағұнның ХІ-ға жазған еңбегі (Құтты білік)Л- Абылай хан Әмірсананы жоғардың қай билеушісіне ұстап бермеуге қазақ шонжарларынкөндірді? (Лама Доржыға)М-Әмір Темірдің мемлекеті (Мауеренахр)Н-Сегіз тайпа бірлестігі (Найман)

Ң- І д.ж соғыстың шығу себебі? (Австро-Венгрия мұрагері Франц Фердинандтың өлтірілуі)О- Қазақ жасақтары жиналған Оңт. Қаз. тау (Ордабасы)Ө-Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған хан (Өзбек хан)П-Тасқа салынған суреттер (Петроглифтер)Р- Қазақстанға отарлау саясатын жүргізген мемлекет (Ресей)С-Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды қазақ хандығының құрамына қосу болды (Сыр бойындағы) Т- Ұлы Отан соғысында 2мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақ ұшқыш(Т. Бигелдинов)

 У- Абылай ханның бас мирасқоры? (Уәли сұлтан)Ұ- Ұлан байтақ жерлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлер алдында 4ұлына бөліп берген жерлері қалай аталады? (Ұлыс)Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға қарап белгілеген? (Үркер)Ф- Кроманьондық(саналы адам) адам қай жерден табылды? (Франция)

Х- Сырым Датұлы қай жерде дүние салды? (Хиуада)Һ- Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті? (Қ. Сәтбаев)Ц- Қазақ хандығына шығыстан қауіп төндірген империя (Цинь империясы)Ч- Үйсін тайпасының астанасы? (Чигучен)Ш- Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулі? (Шаньюй)

Щ- ҚазАКСР қай жылы құрылды алғашқы президенті? (1920ж С. Меңдешов)Ъ-1916ж Ұлт азаттық көтерілістің шығу себебі? (25маусым патша жарлығы 19-43жас )

Ы- 1731ж Орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың Орадасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені)І- Аңырақай шайқасында қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған Жоңғарлар қай өзенді бойлайеліне қарай шегінді? (Іле)Ь- «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен қазақ елін аштыққа ұшыратқан мемлекет басшысы? (Голощекин)

Э- Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым саласы? (Этнография)Ю- ХІІ-ғ соңында Түркістан өңірінде туып «Ақиқат сыйы» дастанын жазған ақын (Югнаки)Я- Оғыз мемлекетінің астанасы? (Янгикент)

ІІІ-тур «Ұлылар айтқан ұлы сөз»

Бұл турымызда 9 ұяшықта тарих әлеміндегі ұлы адамдардың айтқан нақыл сөздері жасырылған. Алдыңғы турымыздан ұпайы жоғары топ , ұяшық номерін бірінші таңдайды. Әр сұраққа 100ұпай беріледі таба алмаған топтың сұрағы келесі ұпайы жоғары топқа беріледі. Ұяшық нөмері сұрақтың жеңіл ауырлығына қатысы жоқ. Ойлануға 1минут

1) «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деген кімнің сөзі (А. Байтұрсынов)

2) «Мәскеу кең, байтақ шегінерге жол жоқ артымызда Москва» деген ұран сөз кімнің сөзі? (Ключков)

3) «Мені өлтірсеңдер де арманым жоқ, себебі мен елімді, жерімді, Отанымды сендерден қорғап қалдым, енді қайда барсаңдар да өлімнен басқа жол жоқ» (Сақ қойшысы Шырақ) 

4) « Біз бұл соғыста сөзсіз жеңеміз, себебі біздің қаруымыз Отанға деген сүйіспеншілігіміз» , «Отан үшін отқа түс күймейсің»(Б.Момышұлы)

5) «Мен ініңді өлтірсем халқым үшін майданда өлтірдім» деп ақылдылығымен Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен тұтқынынан босаған кім? (Абылай хан)

6) Бүкіл қазаққа Оян, қазақ деп ұрандап өмірден өткен кім еді? (М. Дулатов)

ІҮ тур «Жасырынған қалалар»

Бұл турымыздың ережесі тақтаға ілінетін 9ұяшықта Қазақ халқының ежелгі қалалары жасырынған әр сұраққа 1000 ұпай беріледі. Егер сұраққа қиналса қосымша көмек алуына болады көмек алса ұпайдың жартысы қосылады. Егер келесі топ кезек сұрап кезегін берсе кезек сұраған топ жауап берсе ұпайды өзі еншілейді , жауап бере алмаса ұпай кезегін берген топқа қосылады. Ойлануға 2минут уақыт беріледі

1) Сыр бойындағы бұл қала ортағасырларда қатты дамыды. Белгілі ғалым Ақышев бұл қаланы Отырардан кейінгі екінші қала деп атады. Ал Фазлолох ибн Рузбихан қаланың базарында күніне 500түйе сойылып кәуап шашлик жасалса, кешке дейін бір түйірі қалмай сатылып кетуші еді деп жазады. Бұл қала негізінде Ақ Орданың , Әбілхайыр хандығының астанасы, қыпшақтардың саяси орталығы болған. Әңгіме қай қала туралы? (Сығанақ қаласы)Қосымша көмек: Қала қазіргі Қызылорда қаласымен Түркістан қаласының ортасында Сунақ Ата ауылы деп аталады.

2) ХҮ ғасырдың ортасында бұл қаланың төңірегі елсіз далаға айналып, ХҮІғасырда қала аумағы 1гектардан астам ұлғайды. ХҮІ-ХҮІІғ қала халқы 5500ге жеткен. Қала Оңтүстіктегі ең ірі сауда-өнекәсіп орталығы болған. ХҮІғ Түркістандағы Шайбани әулетінің мекені болған. Қаладан қазу жұмысы кезінде 1655-63жылдары Алексей Михайлович патша тұсында соғылған орыстың мыс тиындары табылған қала әлемді билеуші Шыңғыс ханның шабуылы кезінде қиратылған Ұлы Жібек жолында орналасқан бұл қай қала? (Отырар)Қосымша көмек: Әлемнің 2-і ұстазы атанған ұлы ғұлама Әбу НасырӘлФараби дүниеге келген


3) Бұл қаланың ірге тасы ІХ-Х ғасырлардан белгілі. Қала Сыр бойында орналасқан. Орта Азияның иек астында Хорезммен Мауеренахр мемлекеттерімен шекаралас орналасқан бұл қала саяси билік құруға ыңғайлы болды. Сығанақ пен Оңтүстік Оралға керуен жолдары осы қала арқылы өтті. Бұл қаланың гүлденген кезі ІХғ екінші жартысында басталады. Ол кезде Жент теңізі маңынан үлкен тұз кені табылып Қытай, Үнді, Иран елдерімен сауда байланысы жасалған. Ғалым Толстовтың пікірінше бұл қала жауға қарсы тұрар биік қамалдың үлгісімен салынған. Бұл қалада Әуелбек Қоңыратбаевтың зерттеулері бойынша оғыз тайпасы өмір сүрген. Әңгіме қай қала туралы? (Жаркент)Қосымша көмек: Кейбір деректерде бұл қала Жаңа Гузия деп те аталды. 

4) Бұл қала ХІІІғ Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда орталығы діни орталық болған. Тарихшылардың айтуы бойынша «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі » атанған. Қытай деректерінде «Ақ өзен бойындағы қала» аталған. Бұл қалада ХІІғ Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келген. Қала Ұлы Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент қаласының маңында орналасқан бұл қай қала? (Испиджаб Сайрам)Қосымша көмек: Қазіргі осы қаламен аттас Шымкент облысында аудан бар.

5)Бұл қала ҮІІІ-ІХғасырлардан белгілі. Бұл қалада Жібек Жолының бойында орналасқандықтан ірі сауда орталығы болды. ХІғ қаладан күміс дирхемдер шығарылған. Түркеш қағанатының ірі сауда орталығы болған. Талас өзені бойында орналасқан бұл қала сауда мен қатар ірі саяси экономикалық мәдени орталық болған деседі. Деректерде: «Даңқты әрі ізгі ниетті түрік-чаруктардың , көпестердің қаласы атанған. Қараханидтер мен қарлұқтар тұсында ең бай қала болған. Бұл қалада Айша Бибі, Бабаджа хатун,Қарахан кесенелері орналасқан.Бұл қай қала еді? (Тараз)Қосымша көмек: Қазір осы қала аттас Қазақстанда ірі қала бар, 

6) Бұл қала ортағасырлық ірі қалалардың бірі.Қаланың іргетасы Үғ қаланған. Қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Бір кездері қала қарлұқтар мен қарақытайлар астанасы да болған. Қала бұдан бұрын Ақтөбе деп те аталған. Ұлы Жібек бойында орналасқан бұл қала сауда әлемінде үлкен рөл атқарған ірі сауда орталығы болған. Бұл қалада 942жылы Қарахан әулетінің Сатұқ Боғра хан хандық құрған. Бұл қай қала еді? (Баласағұн)Қосымша көмек: бұл қалада ұлы ғұламалар Махмуд Қашқари еңбек еткен және Жүсіп Баласағұн дүниеге келген

7) Бұл қала алғашында Шауғар деп аталды. Қала кейінгі қазақ хандығы кезінде қатты гүлденіп қала халқының саны артты. Қазақтың көрнекті ханы Есім ханның астанасы болды. Қала үлкен діни орталық болып Қазақстандағы діни астана дәрежесіне жетті. Қала қамалы қазіргі таңда қайта жөндеуден өтіп туристердің тамашалайтын орнына айналып отыр. Бұл қай қала еді? (Яссы Түркістан)Қосымша көмек: Бұл қалаға қазақтың жеті ханының мәйіті әкелініп жерленді.

8) Сыр бойындағы бұл қала ХІХғасыр ескерткіші. Қаланың іргетасы 1818жылы қаланған. Қаланың жер көлемі 60979гектар халқының саны 159,4мың 1818-53жылдары Қоқан хандығының Ақмешіт бекінісі болған кездері қалада көшеге ат беру дәстүрі болмаған базар алаңы, керуен сарайы маңы деген атаулармен аталған. Кейіннен 1867жылдары Почтовая, Базарная деген көшелер болды. Арнайы экономикалық аймақ мәртебесін алған қала 1998жылы 180жылдық мерейтойын тойлады. Қазіргі таңда қалада 300ге жуық көше бар. Бұл қай қала? (Ақмешіт Қызылорда)Қосымша көмек: Бұл қала экологиялық аймақ ретінде бүкіл әлемге танымал

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 86 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 117

Похожие материалы