Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі
Предмет: | Музыка |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Женисова Акмарал Бегисовна
|
Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 6 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жыраудың батырларға рух беруі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: жыраулармен таныстыру
Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.
Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену
Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту
Сабақтың көрнекті құралдары: композитор суреті, аспап
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезіңі
1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Ақтамберді жырау — суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзініңөжет те, өткір сөздерімен қалыңқауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды.
Ақтамберді — тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады. «Қазақ ССР тарихы» берген бағаға көңіл аударатын болсақ, ол — жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау, аты әйгілі ақын. Ел жауына қарсы аттанған батырлар қатарында оны ХVІІІ ғ. жырауы Үмбетей атаған. ХІХ ғ. белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған. «Күмбір-күмбір кісінетіп» деп басталатын шығармасы — ақынның алдына қойған арманын танытатын патриоттық туынды. Одан тұлпар мініп ту ұстап, ел шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп тұрады. Ақтамберді есімін ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Өзі атадан жалғыз боп, 15-16 жасқа дейін жоқ-жітік көріп, шерлене сөз толғап, болашағын ойлап аласұра өседі. («Жағалбай деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жағама қолдың тигенін», «Жауға шаптым ту байлап» т.б.). Ақтамберді сөздері — ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдіңөзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақөмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп.
Жырау өз арманына жетеді: сақал-шашын аққырау басып, қартайған шағында ол талай жеңістердің куәсі болады, туған жердің бір бөлігі иесін қайта тапқан күнді де көзімен көреді. Жау қолынан азат етілген шығыс облыстарға қазақ рулары қайтара қоныс аударған кезде атамекенді жатырқап қалған жұртты орнықтыру жолында қарт батырдың белсенді қызмет атқарғандығы аңғарылады. Ақтамберді 90 жас жасап, 1788 жылы шамасында дүние салған, өз заманының талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзініңөрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді.
Тыңдау: Ақтамберді «Күлдір де күлдір кісінетіп»
Үйрену: А.Жаймов «Қазақстан»
Муыкалық сауат:
ІV. Мадақтау. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 762 Kb |
Количество скачиваний: | 70 |