Атомдардығы электрондардың қозғалысы.

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
                                                                                      Тақырыбы:Атомдардығы электрондардың қозғалысы. Мақсаты: Білімділігі: оқушыларға энергетикалық денгейдегі электрондардың санын табуға, элементтерді  энергетикалық деңгейде  орналастыруда алған білімін жүйелеу. Дамытушылық: энергетикалық деңгейлерді орналастыру, период және топ  бойынша қалай өзгеретіні туралы білімдерін дамытта отырып химиялық тілді қалыптастыру. Тәрбиелік: өздігінен талпынып жауапкершілікті саналы сезінетін оқушыны тәрбиелеу.  Сабақ типі: аралас сабақ Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақ  әдісі: сыни тұрғыдан ойлау жобасы Ұйымдастыру бөлімі.          Оқушылармен амандасып, сынып түгендеу. I-кезең.  Қызығушылықты ояту.  Ұяшықты тандау арқылы (оқушылардан үй тапсырмасы ауызша сұралады). 1.                   Әртүрлі  энергия қоры бар электрондар атомдарда қалай орналасады? Энергетикалық деңгей деген не? Атомдағы энергиясының мәні өзара жақын электрондар электрондық қабат немесе энергетикалық деңгейлер түзеді. Энергетикалық деңгейлер ядродан қашықтауына орай 1, 2, 3 т.б. бүтін сандармен белгіленеді. N=2n2 Формуласымен анықталады, мұндағы n – деңгейлер нөмері. Егер n= 1 болса, бұл бірінші энергетикалық деңгейде N=2*12= 2  электрон ғана орналаса алады. Ал  n= 2 болса, бұл деңгейде  N=2*22= 8  электрон, n= 3 1 болса  үшінші деңгейде N=2*32= 18 электрон орналаса алады. Салғырт элемент →  сілтілік металл II – кезең.  Мағынаны ашу (Жаңа сабақты, интерактивті тақтаны пайдаланып өзім түсіндіремін.) Атом өте кішкене бөлшек болғанымен, оның құрылысы өте күрделі. Ол микродүниенің заңдарына бағынады. Мысалы, атомдағы электроның траекториясын макродүниедегі тәрізді қозғалғыш бөлшектің жолына ұқсатуға болмайды. Электроның қозғалыс траекториясы жоқ. Оның ядро маңындағы кеңістікте болу мүмкіндігі туралы ғана сөз етуге болады. Атомның барлық электрондары жиналып, оның электрондық қауызын құрайды. Өзара энергиясы жуық электрондар атомының  электрондар қабатын түзеді. Электрондық қабаттар рет нөміріне  қарай 1, 2, 3, т.б. деп белгіленеді. Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіні болады. Шар тәріздес электрон бұлтын  s–электрондары деп, ал орбитальдың өзін  s-орбиталь деп атайды. Орбитальдарға сәйкес келетін электрон бұлтының басқа күрделі пішіндері бар. Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәріздібұлт түзіп қозғалады да  p- орбитальдарды береді. P-электрондар  түзетін мұндай  p- орбитальдар ядро маңындағы кеңістегі координациялардың 3 осі (x, y, z) бойынша орналасатындықтан,   px, py ,pz орбитальдары деп бөлінеді. p – орбитальдары біріне – бірі тік бұрыш жасай орналасады. Электрондар d- және  f- орбитальдарда да орналасады. III – кезең.  Ой толғау (оқушылардың жаңа сабақты қалай менгергенің түсіну үшін «Энергетикалық деңгейшелер»  деп нені атайды? Химияда электрондық қабаттағы орбитальдардың қабаттағы орбитальдарды энергетикалық деңгейше деп те атай береді. Сонда s- орбитальды   s- деңгейше,   p –орбитальды  p –деңгейше деп атауға болады. 1.     Мына элементтердің электрондық құрылым формуласын жазындар: Be, C, K, He, B, P, Na, AI, Mg, Si. Үйтапсырмасы: §57.Атомдардығы электрондардың қозғалысыТақырып соңындағы тапсырмалар.        
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.21 Kb
Количество скачиваний: 96
Просмотров: 370

Похожие материалы