Ағылшын тілінде сөздік қорды арттырудың жолдары (баяндама)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЗДІК ҚОРДЫ

 АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

«Қырық бес жыл мұғалім болсаң да қырық бес минуттық сабаққа мұқият дайындал» демекші, әр сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін көп дайындық керек.

Сабақта тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударып, сабақты қызықты, тартымды өткізуге көбінесе көрнекіліктің қажеттілігі зор. Ағылшын тілінде сөздік қорды арттырудың бір жолы – көрнекілік пайдалану. Көрнекілік- сабақ көркі. Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізу үшін қолданылатын көмекші құрал. Көрнекіліктің маңызды міндеті – студенттердің эстетикалық көзқарасы мен тағылымын қалыптастыру.

Бүгінде ағылышын тілі пәніне қажетті көрнекіліктер бұрынғыға қарағанда біршама арта түсті. Көрнекілік шәкірт білімін арттырып, сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады. Сонымен қатар көрнекіліктер сабақтың әсерлігін, мазмұн сапасын, студенттердің сабаққа қызығуын күшейте түседі.

Көрнекі оқу құралдары сол пәндегі, солтоптағы оқу бағдарламасына сәйкес болуы тиіс. Көрнекі оқу құралдары кез келген әдіс бойынша сабақ өткізуге қолайлы болуы керек. Мысалы: дәріс, әңгіме, пікір салысу, көрсету әдістерінде.

Әр сабақта қажетті көрнекілікті күні бұрын дайындап, олардың эстетикалық, білімділік, танымдық мән-мазмұнына ерекше назер аудару керек. Бұрыннан бар, дайын тұрған қиынды және қолдан салынған суреттер, буклеттердің ішінен қажеттісін іріктеп алып, арнаулы папкаға салып қойған абзал. Жинақталаған плакаттарды, альбомдарды, әр түрлі дидикатикалық материалдар мен карточкалардың картотекасын қарап, сабақта оларды қандай әдіспен пайдалануды ойластырған дұрыс. Көрнекіліктерді сабақ мақсатына сәйкес түрлендіре пайдаланылса тіпті жақсы.

Жалпы көрнекіліктерді 4 топқа бөлуге болады.

1.     Жалпы көрнекі құраладар: техникалық құралдар, компьютер, бейне таспалар, магнитофон, диафильм, эпидаскоп, кодоскоп, слаид т.б.

2.     Даяр плакаттар, портреттер, карталар

3.     Қолдан жасалған құралдар: сызба, кесте, аппликация, дидактикалық материалдар, үлестірмелі және кеспе карточкалар, сөзжұмбақтар, кроссворд, т.б.

4.     Әр модульға арналған тест сұрақтары.

Оқыту барысында көрнекілікті жүйелі пайдалану, тақырыпқа қатысты қосымша оқу материалдарын түрлендіріп қолдануға сабақтың бүгінгі талапқа сай мзмұнды өтуіне кепіл бола алады.

Ағылшын тілі сабақтарында қолданып жүрген көрнекіліктер көп. Енді солардың кейбіреулеріне тоқтала кетелік. Негізгі бір түрі – кестелік көрнекілік, оның артықшылығы: тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшелігін салыстырып көрсетуінде. Мысалы, мына төмендегідей.

 

 

 

 

Forms of nouns

(Зат есімнің түрлері)

 

Simple

(Негізгі, Дара)

Derivative

(Туынды)

Compound

(Күрделі)

arm

ball

pen

man

school

chair

ear

exercise

gas

pianist

writer

chaildhood

kingdom

friendship

difference

sailor

building

disarmament

schoolgirl

snowball

snowman

penknife

rainbow

arm-chair

taxi-driver

tea-pot

tea-spoon

Cонымен қатар кесте көрнегілігі арқылы сан есім, сын есім, есімдік, етістіктің т.б. сөз таптарының түрлерін, жасалу жолдарын дәл осылай етіп кестелер арқылы беруге болады.

Әр сабаққа арналаған түрлі-түсті суреттер көрнекілігі тіл сабақтарында жиі қолданылады. Бұл көрнекіліктің студенттердің тілін дамытуға, тіл үйретуге, диалог құруына әсері мол. Жалпы суретпен жұмыс жүргізудегі мақсат- жаңа сөз үйретуге, жай және құрмалас сөйлемдерді есту, қайталап айту, сұрақ-жауап әдісі арқылы ағылшын тілінің ерекшелгі, өздеріне таныс сөздермен қатар жаңа сөздерді меңгерту. Суретпен жұмыс мынадай тәсілдер арқылы жүргізіледі: сурет мазмұны туралы кіріспе әңгіме, суретке қарап ондағы заттардың атын ауызша атау, сурет бойынша диалог құру, сурет бойынша қысқаша әңгіме жазу. Мәселен, «Суретке қарап әңгіме құра» деген ойынды сын есім, сан есімді өткенде «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша өткізуге болады. Түрлі – түсті үлкен суреттер тақтаға ілінеді. Әрбір студент суретке қарап, бірнеше сөйлем құрастырады. Сөйлемді кім көбірек құрастырса, сол жеңімпаз болады. Бұл ойын арқылы әркім көбірек сөйлем құрастыруға тырысады.

Ағылшын тілі сабақтарында қолданылдатын көрнекіліктің бір түрі – дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточканы орындау барысында ойланып еңбек етеді, оны орындауға қызыға кіріседі.

1.     Сұрақтарды оқып, жауап жазыңыз:

What is this?

Is it a blue flag?

What kind of flag is this?

2.     Етістіктің II формасын жазыңыз: to begin, to read, to write, to do, to make, to sleep, to have.

3.     Мына сөздерді қолданып, сөйлем құрастырыңыз: a boy, has, winter, is, on the, table, bench, a schoolboy, bag, under, Ann, he, etc.

Cонымен қатар «Жыл мезгілдері», «Жыл аттары», «Ай аттары», «Апта күндері» т.б. тақырыптарды өткенде «Кім жылдам?» ойынын үш тілде, яғни басқа тілмен байланыстырып ойнауға болады. Ойынның шарты жүргізуші доп алып, айдың атын ретімен айта бастайды. Жүргізуші «January» деп келсе студентке лақтырады. Келесі студент «Feburuary» деп өзінен кейінгі студентке жалғастырады. Егер ойын дұрыс жүрсе, ары қарай жалғаса береді.   

Ай аттары:

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

January

February

March

April

May

June

July

August

September

October

November

December

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Январь

Февраль

Март

Апрель

Май

Июнь

Июль

Август

Сентябрь

Октябрь

Ноябрь

Декабрь

 

Апта күндері:

Ағылшын тілінде

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Monday

Tuesday

Wednesday

Thurthday

Friday

Saturday

Sunday

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

Понедельник

Вторник

Среда

Четверг

Пятница

Суббота

Воскресенье

Cол сияқты жыл мезгілдері, жыл аттарына да осылай ойын ұйымдастыруға болады. Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу ерекше орын алады. Компьютер студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне көп мүмкіндік жасайды. Олардың көру, есту, сөйлеу қабілетіне ықпалын тигізеді. Компьютердің көмегімен студент өз мамандығына қатысты белгілі бір тақырыптарды ақпарат құралдары мен интернетті пайдалана отырып, мәлімет алуына болады. Неғұрлым көп жұмыс істеген сайын соғұрлым сөздік қоры көбейеді.

Сондай-ақ, ағылышын тілі сабақтарында динамикалық көрнекілік ерекше орын алады. Динамикалық көрнекілікке кинофильмдердің үзіктерін көрсету, жылжымалы кестелер т.б. жатады. Динамикалық ұстаным адамның ойын әрекетіндегі уақыт деңгейі жәнеоның мәні мен әсерін сипаттайды. Өз басым сабақта студенттердің қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, жылжымалы кестелерді пайдаланамын.  

Картоннан немесе қатты қағаздан ұзынша сызғыш тәрізді жолақша (полоск) жасап, оған түбір сөз зат есімді жазып, оған қосылатын екінші сөзді жылжымалы картонға жазып, яғни күрделі зат есімдерді жасауға болады. Мысалы: schoolboy – schoolgirl – schoolbag – schoolyard – schoolchildren. Жылжымалы кестені тура осы сияқты басқа да сөз таптарында қолдануға болады. Сан есім, сын есім, етістікке т.б. Мәселен: етістіктің осы шақ, өткен шақ, келер шақ формасына қолдануға болады. Ол үшін 4 жылжымалы жолақша жасау арқылы «Кім жылдам?» деген ойын түрін өткізуге болады.

 

Әр түрлі геометриялық фигуралард (    - тік төртбұрыш,     - үшбұрыш,    -

нұсқау белгі,    - ромбик,    - дөңгелек, т.б.) қолдану арқылы сөйлем құрастыру және олардың ішінде сөйлем мүшелері жазулы тұарды.

         Оқушылар біріншіден, қай сөйлем мүшесі қандай геометриялық фигураның ішінде тұрғандығын білсе, екіншіден,  сөйлем мүшелерінің реті арқылы сөйлем құрасытра біледі.

Pete

went

to the cinema

yesterday

.

бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

пысықтауыш

тыныс белгісі

         Бұл сөйлемді ары қарай сұраулы сөйлем жасап, түрлендіре беруге болады.

         Ағылышын тілінде сөздік қорды арттырудың тағы бір жолы- иллюстрациялау әдісі. Иллюстрация - өнер, бейнелеу өнері, сурет өнері. Сурет арқылы сөз және сөйлем құрастыру.

         Грамматикалық тақырыптарды өткенде сөз таптарына, сөйлем түрлеріне, сөйлем мүшелеріне, етістіктің формаларына сызбалы суреттер, аппликациялау оқыту әдісіне жатады. Оқытудың әдістері: а) білім беру (иллюстрациялау, демонстрациялау, оқушыға ой туғызу); ә) түсіндіру (қайталау, сұрақ-жауап, пысықтау, жаттықытыру).

         Иллюстрация арқылы біріккен сөздер жасауға, күрделі зат есім, сын есім, сан есім, етістіктен болған зат есімдерге, көптік жалғаудың байланысу тәсілдеріне қолдануға болады.

         Қазіргі заман талабына сай оқушыларға жан-жақты тиянақты, сапалы білім мен тәрбие беру, әр түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдер қолдану үлкен шеберлікті қажет етеді.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 57.5 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 151

Похожие материалы