Айнымалы типтер 9 сынып

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ барысы

1)Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

            ә) кабинет жағдайы;

      б) сабақ барысымен таныстыру.

2)Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1)      Паскаль тілінің программасының құрылымы неден тұрады?

2)      Сипаттау бөлім қандай бөліктерден тұрады?

3)      Программа құрылымын блок-схема түрінде және Паскаль тілінде жазылуын көрсет?

4)      Оператор дегеніміз не?

5)      Операторлардың жазылу тәртібі  қандай?

6)      Операторлар түрлері?

7)      Операторлардың жіктелуі?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Атау – идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.

Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік мәндерді қабылдайды.

Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі келесідей:

Const         Min=1000;  Max=1000000;

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалының атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Оның жазылу пішімі:

Var        <идентификатор> : <тип> ;

Мысалы:

Var       a,b:integer;

             Sum, baga: real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, resultm, nuber_1. Индексті айнымалыларға массив элементтері жатады.

 Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 604.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 129

Похожие материалы