Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Каукенова Алия Канатовна
|
Тақырыбы:Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақтың мақсаты:
Оқытушылық – қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтыңұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылық – рухани мәдениетке деген көзқарастарын, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Итербелсенді тақта ,оқулық , табиғат туралы суреттер, сызбалар.әнші-қүйшілердің суреттері.
Түрі: аралас сабақ
Әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,топпен,жұппен жұмыс, баяндау
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру .(оқушыларды түгендеу, топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын (тексеру топпен жұмыс)
ІІІ. Жаңасабақтың тақырыбын, мақсатын ашу. Сөзжұмбақ шешу
1.Тәуке3.Кенесары5. Исатай
2.Жәнібек4. Түркістан
Сабақтын жоспары:
1. Дала әуендері
2. Ұлттық аспаптар
3.Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.
- Музыка өнері дегенді қалай түсінесің? (Бесік жыры, Жоқтау, Той думан, Атаулы мерекелер)
Музыка өнері-халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды.Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген.
- Қандай әнші сазгерлерді білесіндер? (Жаяу Муса, Естай, Майра, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Әсет,т.б.)Өленді оқи отырып, кімнің өлеңі, ата?
-Музыкалық аспаптардың түрлерін ата? (Суреттері бойынша аспаптарды сипаттау). Аспап үндерін тындай отырып, қандай аспап екенін анықтау.Аспаптардың қандай жағдайда қолданатыны қасиеті жайында әңгімелеу.
- Күй тындау, күй орындау мәнері, орындаушылық дәстүрі, тақырыптарыәр алуанболады. Күй – шертпе, төкпе. Кімнің күйі? Қандай күйшілерді білесіндер?(Құрманғазы,Тәттімбет,Ықылас , Дәулеткерей, Қорқыт, Дина Нұрпейісова). Қорқыт туралы әңгімелеу, «Айгөлек»тілші Аймөлдір
Ітоп. Құрманғазы
ІІтоп.Тәттімбет
ІІІтоп. Ықылас
ІV.Қорытынды. Сабақты бекіту үшін сұрақтар қою .Не үйрендік, не білдік?
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма – П-41 Қазақ даласындағы ән-күй өнері.
Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 28.5 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |