Қазақ әдебиеті. М. Мақатаев. Мен таулықпын. 5 сынып.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың мақсаты Білімділік: Ақынның өмірі мен шығармашылық жолының қыр-сырын зертету,оның поэзиясының табиғатын даралай,саралай отырып,өзіндік ерекшелігіне көңіл аударту. Дамытушылық: Өлеңіне әдеби талдау жасатып,оқушының сөйлеу тілін дамыту,өз бетінше ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Мұқағали поэзиясы арқылы балаларды туған жерін,елін сүюге,шынайы патриотизмге баулу. Сабақтың типі: Зерттеу сабақ Әдіс -тәсілдер: Сұрақ-жауап, зерттеу, салыстырмалы Көрнекіліктер: «Поэзия пайғамбары» атты көрме. Үнтаспа Пайдаланылған әдебиеттер: М.Мақатаевтың өлеңдер жинағы 1-4 том. Баспасөз материалдары. Пәнаралық байланыс: Музыка Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру кезеңі. Кезекшінің көмегі арқылы іске асырылады. Оқу құралдарының орнында болуын қадағалау. II.Өтілген материалмен байланыс жасау. Тақырыбы: М. Мақатаев. «Фантазия», «Барлығы да сендердікі» /Бұл өлеңдер жатқа сұралады./ III.Өтілген материалды қорыту. IV.Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз. «Естеліктер» кітабындағы Н. Тілендиев айтқан мына әңгімесін тыңдалық: «Мұқағали дүниеден өткен соң, қатты күйзелдім»,-дейді ол. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң, жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың хаты екен. Онда ол «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз. Ақын өзі емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» болатын. Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым,»-дейді сазгер.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.66 Kb
Количество скачиваний: 40
Просмотров: 178

Похожие материалы