Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті.

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

№3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Рухани және материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени жетістіктермен ұштастыра қарастыру.

б) Тәрбиелік: Ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, Отанына сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы, мультимедиалық тақта, мақал-мәтелдер, кинолардан үзінді, көне «Батырлар жыры» кітабы, «Шаңырақ» энциклопедиясы.т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка,география.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

II. Мағынаны тану.

III. Толғаныс.

Сабақтың жоспары:

1.Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі.

2.Ауыз әдебиетінің түрлері,олардың тарихи маңызы.

I. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау

Қазақ ауыз әдебиеті ежелгі дәуірлерден ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп келеді. Жаңа өмірге байланысты кейбір нұсқалары өзгеріске түсіп, жаңалықтармен толықтырылып отырады.

Ш.Уәлиханов.“Қазақ поэзиясы-халық өмірінің айнасы” десе, М.Әуезов халқымыздың ауыз әдебиетін гректердің мәрмәр тастан жасалған ғимараттарынан да артық санаған.“Қобыланды”,“Алпамыс”,“Қамбар батыр” сияқты батырлар жырларынан халқымыздың тарихын көруге болады.

ә) Жуан-жіңішке.

1. Ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігі неде?

3. Ауыз әдебиеті арқылы жеткен қандай жырларды білесіңдер?

4. Ауыз әдебиетіне қандай жанрлар жатады?

5. Қазақ ауыз әдебиетінің бай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа қалай жетті?

6. Ауыз әдебиетінің түрлерін атап беріңдер?

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 79.5 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 131

Похожие материалы