Қазақ халқының өлшемдері. Сыбанбаева Барзия 6"В"

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Өлшем – мөлшер, мөлшердің сандық бірлігі. Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем - өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші, оның ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты оның қашықтық мөлшері бар. Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.

1) Жылдамдықты: қас-қағым  сәт, бір  жылт   еткен  ғұмыр, көзді-ашып  жұмғанша.

2) Уақытты:  сүт  пісірім, шәй  қайнатым, бие  сауым, ат  шаптырым, қозы  көш  жер, кешке  дейін, түнге дейін  деп  білген.

3) Ұзындықты: шынтақ   елі, бармақ     елі, табан   елі, саусақ   елі.

4) Семіздік, яғни  жылқы  малын  өлшем  бірлігімен: кере  қазы, сере  қазы, табан  қазы, би қазы, шынтақ  қазы – деп  анықтап  отырған.                                           

 

Мысалы:«бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жол» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәніұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 24.11 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 125

Похожие материалы