Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары (Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары)

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

8-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспар. 

Берілген жоспар Қазақстан тарихы оқу бағдарламасына сәйкес "Қазақ-жоңғар соғысындағы қазақ батырлары (Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Малайсары)" тақырыбына сай құрылған. Жоспарда Блум таксономиясының Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатылары ескеріле отырып жоспарланған.

Қазақ тарихында қасіретке толы болған жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Отанын қорғау қызметінде ерекше көзге түскен, батырлығымен тарих бетіне жазылып кеткен батырлардың орны ерекше.

Басқыншы жауға қарсы күреске барлық қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар, Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды. 

Басқыншыларға қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Шақшақ Жәнібек, батыр Баян, Олжабай, Қожаберген, Тайлақ, Бөлек, саңырық, Жабай, Бердіқожа, Жарылғап сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқасқа, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді.

Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.52 Kb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 226

Похожие материалы