Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кеші
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Таскалиева Гулсезим Нурбулатовна
|
Орал гуманитарлық-техникалық
колледжінің директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары М.С. Нұрмұқашева
Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынованы еске алу, поэзиясына құрмет көрсету мақсатында өтетін «Елінің еңлік гүлі» атты әдеби-танымдық поэзия кешінің сценариі
(Май шаммен бір топ студент шығып, өлең оқиды)
Жүргізуші: Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын – алланың айрықша мейір-шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаңына жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қылып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі – жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарынөз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген, оқырманына ғұмырлық мұра сыйлаған Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет громаталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық ақыны Фариза Оңғарсынова. Поэзия әлемінде түлеп ұшып қанаттанған, сан оқырман кітабын құштарлана парақтаған, сағынышқа толы өлеңі ән ақтарған ақын апамыз о дүниелік болды. Ақын апамызға арналған видеороликке көз жүгіртелік.
(видеоролик жүреді)
Жүргізуші:
Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,
Қайратыңнан қайысып, налып қалма,
Сені іздейтін аға бар тарыққанда,
Інілер бар демберержабыққанға.
Бірақиқат – бәрібіржоғалмайсың,
Жоғалмайтынжоқтаушыхалық барда, – дейді ақын өз жыр жолдарында. Дүниеде теңіз терең емес, адам жанының терең екендігін дәлелдеумен өткен осы бір заңғар алып тұлғаның өзгелерден қашанда оқ бойы озық тұруы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік саңлағына айналуы біздіңше табиғи заңдылық. Уақыт өтіп, замана көші үздіксіз алға жылжығанымен елімізде Фаризаны апамызды еске алып, мәңгілік мұрасын жаңғырту, атағын аспандату мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бір парасы бүгінгі «» атты әдеби-танымдық еске алу, әрі поэзия кеші болмақ. Олай болса Қазақ жырының Фаризасына, Қазақ поэзиясының падишасына айналған апамызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(Бір минут үнсіздік жарияланады)
Жүргізуші:
Мен даланың қызы едім,
Жазығында жатпайтын көз ілер қара.
Жазира менің жанымның өзі де дара.
Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді.Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, – деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді. Ендеше, ақын апамыз жайлы естеліктер айту үшін алғысөзді, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ң оқытушысы, филолог, ф.ғ.кандидаты Серікқалиев Ғабдешұлына сөз кезегін береміз.
(Ағайға сөз беріледі.)
Жүргізуші:О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен, – немесе: "Сені қалай сүю керектігін мен ешқандай кітаптан оқымадым", – деп, туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ақын поэзиясының тақырыбы әр алуан. Адам жанының айнасы, жан жанашыры. Ақын шығармашылығынан мәнерлеп оқуға сөз берсек.
(Бір топ көркемсөз оқушыларды ортаға шақырамыз. Фон қосылады)
Оқылатын өлеңдер:
«О, туған жер» - Қайырғалиева Айбота
«Мұқтаждық немесе жетімнің монологі» - Хабиева Гүлфара
«Бақыттының монологі немесе ақымақтарға айтылған ақыл» - Досқалиева Шынар
«Оюлар» - Бисекешева Зулфаиида
«Өмір» - Әміров Ислам
«Өлең көп деп біреулер жазғырар ма?» - Маренова Айым
Жүргізуші: Жұлдызы жанып, бақыты ашылса, ажарлы ән сөз асылын тудырады; ал жарқыраған жақұт жыр тамылжыған әсем ән дүниеге алып келеді. Фариза Оңғарсынованың ән текстісіне айналған өлең-жырларының қай-қайсысы да серпінді, серіппелі, адам жанын бірден үйіріп әкететін иірімі мол...
Ақын жырына жазылған әуен-әндер де аз емес екен: сүйікті Отан, туған жер, атамекен; көңіл күй, жастық шақ. Бүгінде ақын апамыздың сөзіне жазылған біраз әндер шырқалып жүр. Атап айтсақ: «Өмір сүру шын бақыт», «Бал сезім», «Айша Бибі», «Махаббат сезім», «Достар», «Анама», «Қыз махаббаты» т.б. Осынау сыршыл әндерінен сыр шерту үшін, ортаға «Мен саған ғашық емес ем» әнімен Дүйсенбаев Рафхатты шақырамыз.
(«Мен саған ғашық емес ем» әні орындалады)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 27.91 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |