Қазақ тілі, 2-сынып. «Мәтіннің түрлері»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды үш топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 197 - жаттығу. Мәтінге жоспар құру керек. Алдымен әр топтан бір - бір оқушы мәтінді кезектесіп, тізбектеле оқиды. Сосын әр топ өздерінің құрған жоспарларын оқиды. ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ – жауап: - Мәтін дегеніміз не? - Мәтіннің қандай бөліктері болады? - Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма? ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. V. Жаңа сабақ 1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс - Мен сөз жасырдым. Бұл сөз екі сөзден құралып тұр. Бір таңбалы сан + адам дене мүшесі = суда тіршілік ететін жәндік. Жауабы: сегізаяқ (интерактивті тақтадан сегізаяқтың суреті және мәтін көрсетіледі.) Ендеше бірінші мәтін «Сегізаяқ» деп аталады. - Бұл мәтін не туралы? – Тақырыбы қалай аталады? Мәтіндегі сөйлемдерге қандай сұрақтар қоюға болады. (Оқушылар жауабы: - Сегізаяқ не істейді? - баяу қозғалады.– Жауын көргенде қайтеді?- құтылып кетеді. Аяқтарын төмен салбыратса не істейді? Ұйқыға батады, ұйықтай береді - Яғни осы аталған сөздер бұл мәтіндегі тірек сөздер. Осы тірек сөздер мәтіндегі сөйлемдер арасында байланыс жасап тұр. Бұл мәтіннің - әңгімелеу түріне жатады. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылады. (Сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Егер құрылымы бұзылса мәтінде не туралы айтылғанын ұғу қиын болады.) Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады. (1 - тірек - сызбада көрсету)
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.53 Kb
Количество скачиваний: 88
Просмотров: 363

Похожие материалы