Қазақ тілі 2-сынып. Тақырыбы: Сұраулы сөйлем.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Имаканова Рабига Сарсенбековна
|
2-сынып қазақ тілі 2-тоқсан
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
2.Сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.
3. Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру; сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
80- бет. 5- жаттығу.
ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.
Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады. Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сұраулы сөйлемді саналы меңгерту үшін, әртүрлі сөйлемдер жазылған кестеден сұраулы сөйлемдерді тапқызып, олардың мағынасы мен тұлғасына назарларын аудару керек. Кестедегі сөйлемдерді талдай келіп, сұраулы сөйлем туралы дерек бергеннен кейін, оның мынадай өзіндік белгілері барын айту керек:
1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.
2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 30 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |