Қазақ тілі 7 сынып

Предмет: Обществознание
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақ тілі 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.

Сабақтың мақсаты:

1.    Қазақ ұлттық аспаптары туралы жалпы мәлімет, түсінік беру.

2.    Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін арттыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3.    Ұлттық мәдени мұра байлықтары туралы танымдық білімдерін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызбалар, күйлер.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Қызығушылық арттыру. Әр түрлі аспаптардың үні ойнап тұр. Оқушылар қандай аспаптың үні екенін табу керек.

2) «Микрофон» тәсілі бойынша сұрақтар:

-Сендер қандай аспаптарды білесіңдер?

-Кім қандай музыкалық аспапта ойнай алады?

-Мектепте музыкалық үйірмелер бар ма?

-Қандай халық аспаптарын білесіңдер?

ІІ.Төрт жол өлең арқылы 3 топқа бөлу.

Әдемі қыз үнемі,

Әдемі боп жүреді.

Әдемі деп жалындар

Жігіттердің жүрегі.

 

Ай, Үшқоңырым, туған жерім,

Рахым нұры тұнған жерім,

Ай, Үшқоңырым, тал бесігім,

Жүрегімде мәңгі есімің.

 

Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме,

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

(Әр топ өз шумағын орындап шығады)

 

ІІІ.Жаңа сөздермен жұмыс.«Жасырын сөздерді тап» ойыны. (Сөздер сыныптың әр жерінде жасырылып ілінеді. Топтан бір оқушы сөздерді іздеп, тобына алып келеді. Екінші оқушы оны жазады. Үшінші оқушы аудармасын табады.  Төртінші оқушы сөз тіркесін құрастырады.)

Сөз

Аудармасы

Сөз тіркесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздер: ғасыр, ұрпақ, мұра, қыл, мүйіз, сүйек, тері, орындау, үркіту, ұрмалы, ішекті, үрмелі.

Сөздерді сөздік дәптерге жазу.

 

ІV.Мәтінмен жұмыс.Оқылым. 

Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.

Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлық бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды.

 

Мәтіннің мазмұнын түсінуге арналған сұрақтар:

1.Оқылым мәтіні не туралы?

2.Халықтық музыкалық аспаптар  қандай болады?

3.Ертеде аспаптарды неден жасаған?

4.Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

 

Нақты мәлімет алуға арналған сұрақтар:

1.Сенің ойыңша, қазақтың музыкалық аспаптары  мәдени мұраға жатады ма?

2.Өзің қандай музыкалық аспабын көбірек ұнатасың? Неге?

 

V.Музыкалық аспаптар жөнінде нақты мәлімет алуға арналған сызбамен жұмыс.

 

Қазақтың музыкалық аспаптарының топтары

Үрмелі     Ішекті    Ұрмалы

Тапсырма. Музыкалық аспаптарды түріне қарай 3 топқа бөлу. (Суреттерді интерактивті тақтада көрсету)

VІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей. Тірек сызба бойынша  сөз тіркестерін құрастыру.

ІІ деңгей. Тірек сызба бойынша бірнеше сөйлем құрастыру.

І деңгей. Ұнайтын музыкалық аспабы туралы диалог құрастыру.

 

VІІ. «Қатені түзет» ойыны.

1.Қазақтың музыкалық аспаптары ХХІ ғасырда пайда болған.

2.Ертеде аспаптарды тастан, темірден жасаған.

3.Сыбызғы – бұл ішекті аспап.

4.Жамбыл Жабаев - қобыздың атасы.

5.Домбыра –жеті ішекті аспап.

 

Домбырамен орындалған күй тыңдау.

 

Тапсырма. Жазылым. Сөйлемдерді аяқтаңдар.

1.Домбыра – қазақ халқының ... .

2.Ол – қос ішекті ... .

3.Оның ерекшелігі - ... .

4.Домбыраның дауысы - ... .

 

VІІІ. «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

 

ІХ.Үйге тапсырма:125бет. 1 тапсырма. Мәтіннің мазмұнын дайындау.

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.71 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 135

Похожие материалы