Қазақ тілі пәнінен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазіргі ӛркениетті елдерде және ӛркениетті елдер қатарына қосылуға талпынған 

мемлекеттердің кӛпшілігі, ең алдымен, білім ордаларына назар аударуда.

Республикамызда білім беру ісінде демократияландыру мен ізгілендіру 

жаңартудың негізгі принциптері ретінде анықталған орта білім жүйесін дамытудың 

тұжырымдамасы мен стратегиясы, Заңның негіздері және орта білімнің бекітілген жалпы 

міндеттері стандарттары бар. Білім беру жүйесін реформалаудың принциптері оқытудың 

әдістемелік жүйесінің (оқыту мақсатының, мазмұнының, әдістерінің, формалары мен 

құралының) біртұтас және жүйелі ӛзгеруін кӛздейді. Сондықтан қазіргі дидактиканың 

кӛкейкесті мәселесі – мектеп пәндерін, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіснамасын 

қазіргі талаптарға сай жаңарту.Деңгейлеп оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды 

сабақта қолдану орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін үйренуіне ӛте тиімді. 

Ӛйткені мектеп оқушыларының зейіні, қабылдауы, есте сақтау қабілеті әр түрлі деңгейде. 

Деңгейлеп оқыту жеке тұлғаның ӛздігінен дамуына жағдай жасайды [1, 40 б.]. Ең 

маңыздысы, әрбір жеке тұлға ӛзінің деңгейіне сай тапсырмалар орындау барысында 

шығармашылығын шыңдай алады. Осы жаңа технологиялардың ішіндегі, ӛзімнің негізгі 

тақырыбым «Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту» технологиясына тоқталайын.

Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда мектептің, 

мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. 

Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, кӛзқарасы шыққан түп-

тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат ӛз ұрпағын 

тәрбиелеуге қолданып келеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының басты ерекшеліктеріне 

тоқталайық. Біріншіден, барлық оқылатын тақырып бойынша кӛзделген мақсатқа 

жетіп,оқушының толық білім алуына 100% кепілдік бере алады және бұл процесс 

мемлекеттік стандарттың барлық талаптарын орындайды. Екіншіден, әртүрлі деңгейлі 

тапсырмаларды меңгеру барысында оқытудың дамыту принципі жүзеге асырылады. Бұл 

дарынды балалардың кӛбеюіне әсер етеді. Үшіншіден, бақылау және бағалаудың 

рейтингтік жүйесін енгізу арқылы білім берудің демократия және ізгілендіру принципі 

сақталады. Бұл принциптің арқасында оқушы ӛзін-ӛзі бақылап үйренеді [1, 45 б.]. Ендеше, 

осы ерекшеліктерді орындаудағы технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану – заман 

талабы. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту» технологиясын таңдап алу мақсатым, ӛз 

бетімен дами алатын, әр түрлі ӛмірдің қиындықтарына тӛзе білетін, белсенді, 

шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы тәрбиелеу. Деңгейлеп оқыту дамыта 

оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ӛйткені ол оқушының ойлауын,елестету 

мен еске сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына кӛмектеседі. Әр 

оқушының мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 9.09 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 121

Похожие материалы